Бір алтын, екі күміс және қола медаль: Қазақстан Халықаралық экономика олимпиадасында (IEO) үздіктер қатарына енді

20–29 шілде аралығында Баку қаласында (Әзербайжан) экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына арналған әлемдегі беделді International Economics Olympiad (IEO) зияткерлік сайысы өтті.
Биыл олимпиадаға 55 елден 280-ге жуық қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасы үздік нәтижемен әлемнің ең мықты командаларының қатарына енді, және бизнес-кейс бойынша командалық кезеңде АҚШ, Жапония, Ұлыбританиядан келген қатарластарын басып озып, тамаша өнер көрсетті.
Алтын медаль — Батырхан Мұхтархан, Астана қаласындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;
Күміс медаль — Әділет Абзалиев, Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
Күміс медаль — Нұрхан Тулеев, Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
Қола медаль — Томирис Оспан, Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы;
Құрмет грамотасы — Даниал Арыстан, Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
Руслан Мулдашев — «Paradigm Shift» ЖШС-нің қаржы директоры;
Айгүл Қарқұлова — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.
Оқушыларымызды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын керемет нәтижемен және еліміздің беделін әлемдік деңгейде арттыруға қосқан лайықты үлесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Анықтама үшін: Халықаралық экономика олимпиадасының (IEO) мақсаты — мектеп оқушыларының экономикалық және қаржылық сауаттылығын, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, сондай-ақ заманауи жаһандық экономиканың талаптарына сәйкес кәсіби бағдар беру. Олимпиада аясында қатысушылар жеке және командалық турларда күрделі аналитикалық тапсырмаларды орындайды, іскерлік ойындарға қатысады, қаржылық жоспарлау мен экономикалық модельдеу саласындағы білімдерін көрсетеді. Қазақстан бұл беделді халықаралық жарысқа 2018 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2 алтын, 5 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі