Бір тәулік ішінде Қонаевта орташа айлық жауын-шашынның жартысы жауды
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қонаев қаласында соңғы тәулікте орташа айлық көрсеткіштің жартысындай болатын қар түскен. Осыған байланысты қала әкімі Нұрлан Құматаевтың тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетуші компания күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауда. Қазіргі таңда көшелерді тазалау үшін 11 техника, 30 адам жұмылдырылған. Ең алдымен қоғамдық көлік жүретін жолдар тазалануда. Содан кейін басқа көшелер тазаланады.
Көлік жүргізушілеріне тез арада қыстық дөңгелектерге көшуге кеңес береміз. Естеріңізге сала кетейік, автомобильдерді дұрыс пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.