GITEX AI Kazakhstan 2027 өңірге технология саласына миллиардтаған инвестиция тарту аясында жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге ықпал етеді

2027 жылғы 7-8 маусымда Алматы қаласында екінші рет GITEX AI Kazakhstan өтеді

Аймақтағы аса ірі технология және жасанды интеллект саласындағы ісшара ЖИ инфрақұрылымынаэнергетика мен өнеркәсібіне халықаралық инвестицияларды тартуға ықпал етеді

Орталық Азия мен Кавказ технологиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам бастыЖасанды интеллект саласындағы миллиардтаған долларлық жобалар нақты іске асырыла бастапөңір Еуразияның цифрлық орталықтарының біріне айналуды көздеп отыр

Аймақтағы мемлекеттер цифрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтыпал өңірдегі IT-қызметтер нарығының көлемі, Statista болжамына сәйкес, 2029 жылға қарай 5,6 млрд АҚШ долларына жетедіҚазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтер экспортының көлемін алғаш рет 1 млрд доллардан асырып, 2020 жылғы 33,5 млн доллар көрсеткіштен 1,142 млрд долларға жеткіздіОсылайша бес жыл ішінде экспорт көлемі 34 есеге өсіп отыр

Осы орайда GITEX AI Kazakhstan көрмесінің екінші рет өткізілуі цифрлық даму жөніндегі мақсаттардан жасанды интеллектіні кең көлемде енгізуге өтуге бередіКөрме инфрақұрылымэнергетика және өнеркәсіп салаларын трансформациялауға ықпал етіпҚазақстанның жасанды интеллектті әзірлеуинвестиция тарту және инновацияларды дамыту бағытындағы Еуразиялық маңызды орталық ретіндегі орнын нығайтады

GITEX AI Kazakhstan 2027 көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен 2027 жылғы 7-8 маусымда Алматы қаласындағыАтакентҚазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді

Орталық Азиядағы технологияларжасанды интеллект және стартаптар саласындағы ең ауқымды ісшара Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Astana Hub және Алматы қаласы әкімдігімен серіктестікте ұйымдастырылады

2026 жылы GITEX AI Kazakhstan Орталық Азия мен Кавказдағы технологияларжасанды интеллект және цифрлық инвестициялар саласындағы жетекші ісшара ретінде танылдыКөрмені әлемдегі ең ірі технологиялық және жасанды интеллект экожүйелерінің бірі GITEX желісінің жаһандық ұйымдастырушысы – inD компаниясы өткіздіЕкі күн ішінде көрмеге 86 елден 334 компания мен стартап қатысыпкелушілер саны 12 мың адамды құрадыІсшараны Қазақстан Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев ашыпкөрме аясында Мемлекет басшысының төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Кеңейтілген бағдарлама мен жаңа экспозициялар дамудың келесі кезеңіне жол ашады

GITEX AI Kazakhstan 2027 өткен жылғы жетістікті жалғастырадыКөрме аясында сатып алу және іскерлік кездесулердің кеңейтілген бағдарламасыбес жаңа тақырыптық экспозиция ұсынылады: GITEX SuperComputeX, GITEX New EnergyX, GITEX RobotiX, GITEX Cyber Valley және GITEX Intelligent Cities x Connectivity. Қазақстан үшін бұл бағыттар қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалармен тікелей байланыстыЕкібастұз қаласындағы суперкомпьютерлік қуаттардан бастап датаорталықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне қажет энергетикаға дейін

Жаңа экспозициялар экономикалық өсімді жеделдететін технологияларды дамыту мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдерінәлемдік технологиялық компаниялардыинвесторлар мен стартап негізін қалаушыларды бір алаңға жинайдыБұл халықаралық инвестиция тартуғамемлекеттер арасындағы әріптестікті нығайтуға және әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономикалардың бірі саналатын Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады

2027 жылғы бағдарламаның негізгі бағыттары мен мақсаттары Алматы қаласында өткен нетворкингкездесуде таныстырылдыІсшараға GITEX AI Kazakhstan көрмесін ұйымдастырушылар мен қабылдаушы тарап өңірлік серіктестер мен технологиялық компаниялардың басшыларын шақырыпкеңейтілген бағдарламамен таныстырылыпынтымақтастықты дамытуинвестиция тарту және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасарыЖасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Digital Qazaqstan ұлттық стратегиясы аясындағы еліміздің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі мақсаттарына тоқталды

Қазақстандағы жасанды интеллект трансформациясының келесі кезеңіЖИ енгізумен ғана шектелмейоның ауқымды қолданылуына қажет есептеу қуаттарыэнергетикацифрлық байланысбілікті мамандарреттеу тетіктері мен капитал сияқты барлық негізді қалыптастыруҚазақстан бұл негізді бүгіннен бастап қалыптастыруда

Digital Qazaqstan стратегиясы осы трансформацияның ұлттық бағдарын айқындайдыал GITEX AI Kazakhstan секілді халықаралық ісшаралар отандық экожүйені әлемдік технологиялық көшбасшыларменинвесторлармен және серіктестермен байланыстырадыБіздің мақсатымызҚазақстанды Еуразиядағы жасанды интеллектіні әзірлеуенгізу және ауқымын кеңейту жөніндегі негізгі орталықтардың біріне айналдыру

Жасанды интеллект трансформациясының өңірлік орталығы

GITEX AI Kazakhstan 2027 көрмесінің кеңейтілген бағдарламасы мен халықаралық қатысушыларының артуы жақында жарияланғанЦифрлық Жібек жолыжобасының дамуымен тұспатұс келедіҚазақстан датаорталықтардығарыштық есептеу жүйелерінспутниктерді және Транскаспий талшықтыоптикалық байланыс желісін біріктіретін кешенді жасанды интеллект инфрақұрылымын құруды жоспарлап отырАталған жоба Каспий теңізінің түбімен Әзербайжан мен Қазақстанды байланыстыратын ұзындығы 380 шақырымдық суасты телекоммуникациялық кабелін де қамтиды

Көрменің екінші рет өткізілуі Орталық Азия мен Кавказда жасанды интеллект саласының дамуына жаңа серпін бередіGoogle тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкесгенеративті жасанды интеллект алдағы он жылда ҚазақстанӘзербайжанАрмения және Грузия экономикаларына жыл сайын 12-15 млрд АҚШ доллары көлемінде қосымша экономикалық өсім әкелуі мүмкінБұл аталған елдердің жиынтық жалпы ішкі өнімінің шамамен 4 пайызына тең. KPMG деректеріне сәйкес, өңірдегі компаниялардың 53 пайызы жасанды интеллектті ауқымды түрде енгізіп үлгергенБұл әлемдік орташа көрсеткіштен (24%) екі еседен астам жоғарыСонымен қатар бизнес шешімдерін қабылдау кезінде жасанды интеллект ұсынымдарына сенім білдіретін қазақстандық компаниялардың үлесі өңірде ең жоғары – 86 пайыз

Қазақстан өңірдің цифрлық трансформациясында жетекші рөл атқарып келеді. Digital Qazaqstan ұлттық стратегиясы жасанды интеллектіні іс жүзінде енгізуге бағытталғанОның негізгі бағыттарына Ұлттық жасанды интеллект платформасын дамытуЖИ технологияларын eGov мемлекеттік қызметтеріне интеграциялау және білікті мамандар даярлауға ауқымды инвестиция салу кіредіЖасанды интеллект туралы заң мен Цифрлық кодекс компаниялар мен инвесторлар үшін құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді. NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған 10 млрд АҚШ долларлық келісім Екібастұз қаласындағы Датаорталықтар алқабында шамамен 100 мың GPU-ға арналған дербес суперкомпьютерлік қуаттарды құруға мүмкіндік бередіЖергілікті экожүйе де қарқынды дамуда: Astana Hub құрамында 2 мыңнан астам компания барал 2025 жылы Astana Hub қатысушыларының IT-қызметтер экспорты 633,8 млн АҚШ долларын құрады

ЖИ әлеуетін экономикалық нәтижеге қалай айналдыруға болады

GITEX AI Kazakhstan Қазақстан мен тұтас өңірдің жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы стратегиялық мақсаттарына жауап бередіКөрме жасанды интеллектмол деректербұлтты технологиялар, SaaS шешімдерідатаорталықтарэнергетикалық технологияларкиберқауіпсіздіктелекоммуникация және желілік инфрақұрылым бағыттарындағы отандық экожүйелер мен жаһандық технологиялық қауымдастықтарды біріктіреді

Орталық Азия мен Кавказ елдері жасанды интеллектіні болашақтағы мүмкіндік ретінде ғана қарастыру кезеңінен өттіОлар қазірдің өзінде нақты жоспарларды жүзеге асырыпмемлекеттікжекеменшік әріптестікті дамытудажасанды интеллектіні ауқымды енгізуге қажет есептеу қуаттарынэнергетиканыкадрлық әлеуетті және нормативтікқұқықтық негізді қалыптастыруда

GITEX AI Kazakhstan осы үдерістің барлық буынын біріктіріпөңірлік басымдықтарды инвестиция тартуға тартымды жобаларғакоммерциялық келісімдерге және қалалардаөнеркәсіпте әрі өңір экономикасында қолданылатын технологияларға айналдыруға мүмкіндік бередідейді GITEX бас директоры Трикси Ло Мирманд

GITEX AI Kazakhstan көрмесі туралы толығырақ ақпарат – http://www.gitexkazakhstan.com/ сайтында

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі