Шэньчжэнь: болашақ қаласының төрт хикаясы

Бірінші бөлім

Қанатты қонақтар мен олардың достары: Шэньчжэнь – табиғатпен үйлесім тапқан қала

Шэньчжэнь – жай ғана қала емес, Қытайдың жаңа дәуіріне ашылған терезе. Дәл осы қалада реформалар мен ашықтық саясатының алғашқы қадамдары жасалды. Ол – Қытайдағы алғашқы арнайы экономикалық аймақтардың бірі. Бүгінде Шэньчжэнь ұлттық инновациялар орталығы әрі әлемдік деңгейдегі ірі көлік торабы саналады. Оны жиі «Қытайдың Кремний алқабы» деп те атайды.

Бірнеше сағаттан кейін Шэньчжэньде АТЭС көшбасшыларының бейресми кездесуі және саммит аясындағы бірқатар іс-шара өтеді. Осыған орай Шэньчжэньдегі Қытайдың АТЭС жылын атап өту мақсатында «Шэньчжэнь хикаялары» подкастының төрт бөлімнен тұратын арнайы топтамасын дайындадық.

Соңғы жылдары Шэньчжэнь қоршаған ортаны қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бір құс дауылдарға қарамастан, 14 мың шақырым жол жүріп ұшады. Ал өзгелері оның тыныштықта демалып, аялдауына мүмкіндік беру үшін жағалаудағы табиғи ортаны қорғайды.

Жақында Шэньчжэньде АТЭС жалаулары желбіреп, әлемнің назары тағы да осы «кезбе құстар қаласына» ауады. Алайда Шэньчжэнь қонақтарды қарсы алуға әлдеқашан дайын. Ол бұл жолы да қанатын кеңге жайып, әлемнің әр түкпірінен келетін меймандарға құшағын ашып отыр.

Екінші бөлім

Менің серігім – міншіл мырза: Шэньчжэньдегі «қала жылдамдығының» құпиясы

Бұл бөлімнің басты кейіпкері – Чжу ағай. Ол курьер болып жұмыс істейді. Қала ішінде кейде «он бірінші бағытпен», яғни жаяу, кейде скутермен жүреді. Күн сайын көшелер мен шағын орамдарды аралап, тапсырыстарды жеткізіп, қажетті заттарды сатып алады.

Жүк көлемін өлшеумен ғана шектелмеген ол өзіне тағы бір әдет тапқан: тротуарлардың, маңдайшалардың, көше шамдарының өлшемін рулеткамен тексеріп жүреді. Ал жол бойында қандай да бір кемшілік байқаса, бірден видеоға түсіріп, желіге жариялайды. Осы мінезіне бола оны әзілдеп «өзгенің шаруасына жауапты басқарма басшысы» немесе «Рулеткин» деп атап кеткен.

Шэньчжэньде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел жауап беретін тұтас жүйе қалыптасқан. Ол 40-тан астам интернет-платформадан келіп түсетін ақпаратты тұрақты түрде жинап, талдайды. Тек Рулеткиннің ғана емес, Шэньчжэнь туралы желіде жарияланған кез келген ақпарат – үлкені де, кішісі де, ұсыныс, өтініш немесе шағым болсын – тиісті мекемелерге дер кезінде жолданып, жедел қаралады.

Бұл – Шэньчжэнь жылдамдығының ең жарқын әрі адамға жақын көрінісі. Қала көшелеріндегі кемшіліктерді дереу түзетуден бастап, Пэнчэндегі (Шэньчжэнь) АТЭС Қытай жылы аясында қонақтарға кең құшақ жаюға дейінгі бастамалар мегаполис пен оның тұрғындары бірлесе әрекет еткенде қалалық басқару жүйесінің қалай жаңаратынын көрсетеді.

Үшінші бөлім

«Көк аспандағы жалғыз саяхатшы»: алғашқы ұшу және үлкен сапар

«Мен – ұшқышсыз ұшу аппаратымын. Менің үйім – Шэньчжэнь. Бүгін мені алғашқы сапарым күтіп тұр. Қаланы әуеден аралап, оның тыныс-тіршілігімен танысқым келеді. Ғылым мен инновациялар қаласы саналатын Шэньчжэнь қалай жұмыс істейді екен?»

Шэньчжэньдегі инновациялар тек инженерлерге, кәсіпкерлер мен инвесторларға ғана тиесілі емес. Олар – болашаққа қадам басқан жас ұрпақтың да жетістігі.

Бірнеше күннен кейін АТЭС қонақтары мінген ұшақтар әлемнің әр түкпірінен қалаға келе бастайды. Ал оған дейін де, одан кейін де Шэньчжэньде күн сайын жаңа бағдарламалар жазылып, тың технологиялар сынақтан өткізіліп, ғылыми жаңалықтарға жол ашылады. Ғылым музейіне келетін балалардың жаңа легі де осы үдерістің бір бөлігіне айналады.

Өйткені Шэньчжэньдің болашағы бүгінгі инновациялармен ғана емес, сол жаңалықтарды жасайтын жас ұрпақпен де тығыз байланысты.

Төртінші бөлім

«Үлкен шығанақтың балапандары»: аймақтың даму тарихын баяндайтын бойтұмарлар

2025 жылғы қарашада Гуандун провинциясы, Сянган және Аомэнь арнайы әкімшілік аудандарын біріктіретін Үлкен шығанақ өңірінде алғаш рет жалпықытайлық спорт ойындары бірлесіп өткізілді. Жарысқа қатысқан спортшылармен қатар, жанкүйерлердің де назарын аударған ерекше кейіпкерлер болды. Олар – жарыстың бойтұмарлары Сиянъян мен Лэжунжун.

Бастапқыда бұл кейіпкерлер толқын үстінде жеңіл әрі жылдам қалықтайтын дельфиндер бейнесінде жасалған еді. Алайда көрермендер олардан мүлде басқа бейнені көрді. Қанатқа ұқсайтын қысқа аяқтары сүйкімді балапандарды еске салғандықтан, халық арасында оларға «Даваньцзи», яғни «Үлкен шығанақтың балапандары» деген лақап ат берілді. Бұл атау көп ұзамай кеңінен тарап, спорт ойындарының өзіндік мәдени символына айналды.

Бүгінде сүйкімді бойтұмарлардың тарихы Шэньчжэньді жаңа қырынан танытып, Үлкен шығанақ қалаларының өзара тығыз байланысын және біртұтас кеңістік қалыптастырғанын көрсетеді.

2026 жылы Қытай АТЭС іс-шараларын қабылдайды. Бұл жолы халықаралық кездесулердің негізгі алаңы алғаш рет Үлкен шығанақ өңірінде орналасады. Алдағы уақытта мұнда 300-ден астам конференция мен кездесу өткізу жоспарланған. Бұл бастамалар аймақтың жаңа жетістіктерге жетуіне, халықаралық ынтымақтастық пен инновациялық дамудың жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Дерек көзі: CGTN