Болашақ ұстаздары: отандық жоғары оқу орындарының профессорлары жаңа құзыреттерді меңгеруде
«Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын күшейту» ауқымды жобасы аясында қазақстандық жоғары оқу орындарынан 1800 оқытушы білім алды. Жоба Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қолдау тауып, педагогикалық оқытудың жетілдірілген моделін енгізу және 30 білім беру бағдарламасын бейімдеуге бағытталған.
15-26 қаңтар аралығында Назарбаев Университетінде, Абай атындағы ҚазҰПУ-де, О.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде офлайн сессиялар өтті.
«Фин және Назарбаев Университетінің сарапшыларымен біз білім берудегі креативті тәсілдерді, инновациялық технологияларды, компьютерлік шешімдерді, жасанды интеллекттің әсері мен қолданылуын, білім берудегі инклюзияны, оқытудағы пәнаралық тәсілді белсенді, егжей-тегжейлі талқыладық. Бұл жақсы алаң, онда біз өз жұмысымызда жүзеге асыратын жаңа идеяларды алдық», — деп Астана Халықаралық университетінің (AIU) профессоры Серік Нүркенов тренинг туралы өз пікірімен бөлісті.
Тренинг қатысушылары алған білімдерін университеттердегі әріптестерімен бөліседі деп күтілуде.
«Бұл мен үшін әріптестеріммен бірге көптеген маңызды аспектілерді, жаңа идеялар мен тәсілдерді зерттеген әсерлі білім алу болды, бұл біздің қазіргі білім туралы түсінігімізді өзгертетіні сөзсіз», — деді Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Жанар Сүлейменова.
Жоба аясында Қазақстанның 42 жоғары оқу орнының оқытушылары мен 50 ауыл мектебінің директорларын оқыту жоспарланған болатын. 2024 жылдың маусым айына дейін сарапшылар ЖОО-ның 200 оқытушысы мен 50 ауыл мектебінің директорлары үшін білім берудегі көшбасшылық саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша тренингтер өткізеді, сонымен қатар CLIL технологиясы – пәндік-тілді кіріктірілген оқыту – ЖОО-ның 100 оқытушысы үшін тренинг өткізеді. Дәрісті НУ Жоғары білім беру мектебі (NU GSE) және Финляндияның үздік университеттерінің — (Häme University of Applied Sciences) және (University of Applied Sciences) — сарапшылары береді.
«Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі бүгінгі таңда қазақстандық білім беру саласын жүйелі түрде трансформациялауға және позитивті өзгерістерге бағытталған көптеген кәсіби білім беру жобаларын іске асырды. Сондықтан, ауқымды, күрделі жобаның серіктесі ретінде біз кездейсоқ таңдалған жоқпыз. Бұл жобаның мақсаты — педагогикалық білім берудің жетілдірілген моделін енгізу және 30 білім беру бағдарламасын бейімдеу сәтті жүзеге асырылады деп үміттенемін», — деді жоба басшысының орынбасары Аида Сағынтаева, НУ Жоғары білім беру мектебінің деканы.
NU Жоғары білім мектебі қазақстандық білім беру жүйесін трансформациялау үдерісінің флагманы болып табылады. Тек 2023 жылы мектеп университет басшыларының біліктілігін арттыруға арналған кең ауқымды 9 айлық бағдарламанысын Қазақстанның 28 мемлекеттік университетінің 100-ден астам топ-менеджерлері аяқтады.