Бүлдіршіндер робототехника сабағына қатыса бастады

Қарасай ауданындағы “Қарлығаш” балабақшасында алғаш рет робототехника сабағы ашылды. Бұл – IT Loop kz мекемесінің қолдауының арқасында мүмкін болған тамаша бастама! Балаларымыздың болашақта бәсекеге қабілетті, технологиялық сауатты ұрпақ болып өсуі үшін осындай жобалардың маңызы өте зор.
Робототехника – тек ойын емес, ол балалардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық және инженерлік дағдыларын қалыптастырады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз заманауи технологияларды меңгеріп, жаңа биіктерге ұмтыла бастады!