Business WIRE Forum-да Батыс Қазақстандағы шағын және орта бизнес жұмысының түрлі қырлары талқыланды
Батыс Қазақстан әкімдігінің қолдауымен Орал қаласында стартаперлер мен кәсіпкерлерге арналған Business WIRE Forum форумы өтті, ол жұмысын жаңадан бастаған және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі кәсіпкерлердің басын біріктірді. Форумның ұйымдастырушылары: жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған Shell LiveWIRE бағдарламасы аясында Еуропа қайта құру және даму банкі мен Шелл Қазақстан компаниясы.
Форум қатысушылары алдында БҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы басшысының орынбасары Сатқалиев Бауыржан Табиғатұлы алғысөз сөйледі: «Соңғы үш жыл ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында 150-ден астам жобаға 600 млн. теңгеден артық сомада қолдау көрсетілді, жаңа жұмыс орындары ашылды. Осыған орай Шелл Қазақстан компаниясына біздің өңірдің кәсіпкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқым келеді. Біз Орал қаласында осындай шаралар өтіп, республикалық деңгейдегі сарапшылар келіп жатқанына қуаныштымыз», — деп Сатқалиев Бауыржан Табиғатұлы статистикамен бөлісті.
Сарапшылар Батыс Қазақстан өңіріндегі ШОБ ағымдағы жағдайын талқылады, бизнесті сәтті бастау және дамыту кейстерімен, сонымен бірге мемлекеттен және ірі ұйымдардан қолдау алу мүмкіндіктерімен бөлісті. ЕҚҚДБ және Shell Қазақстан форумы аясында Business Bilim білім беру жобасының кезекті ағымының ашылатыны жарияланды. Жоба аясында Батыс Қазақстанның 150 кәсіпкеріне бүкіл Қазақстаннан келген тәжірибелі менторлар қолдау көрсетеді.
“Бағдарламаға әрбір өңірден 50 қатысушыдан, барлығы 150 қатысушы іріктеп алынады. Кәсіпкерлер: жасы да, тәжірибелісі де 10 апта бойы сертификатталған менторлармен және табысты бизнесмендермен бірігіп жұмыс істейді. Курстың нәтижесінде үш облыста 40 бизнес-жоба іске қосылмақ», — Шелл Қазақстан Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ғалиақпар Жұлдыз. Үстіміздегі жылы Шелл Қазақстандағы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Шелл Қазақстан компаниясы ЕҚҚДБ бірге 10 жыл бойы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді, ал 2018 жылдан бері Shell LiveWIRE бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
Форумның ең басты тақырыптарының бірі табысты бизнес стратегиясын құру болды. Осылайша, Aviasales.kz басшысы Исакина Юлия әуе билеттерін сатып алуға арналған танымал сервистің маркетингтік стратегиясының құпияларымен бөлісіп, қазақстандық туризм саласындағы жаңа ағымдармен таныстырды:
«Қазақстанның нарығында бизнес дамыту үшін мүмкіндіктер мол. Aviasales әлемнің 14 елінде жұмыс істейді, оның ішінде қазақстандық нарық ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірінен саналады. Біз ішкі зерттеулерді ұдайы жүргізіп отырамыз, соның арқасында елімізге келуші туристердің ағымы қалай өсіп жатқанын және Қазақстан шетел азаматтары үшін жылдан жылға тартымды болып келе жатқанын көре аламыз. Біздің жұмыс жасау және маркетингті құру қағидаларымызбен бөліскеніме қуаныштымын»
Business Bilim білім беру бағдарламасының ең негізгі бағыттарының бірі — бизнесті тұрақты дамыту. Бұл саладағы трендтермен Qazaq Recycling негізін қалаушы әрі бас директоры, форум спикері Горобцова Виктория бөлісті.
«Экобизнес – бұл экономиканың жаңа секторы емес, бұл бизнесті жүргізу тәсілі, онсыз біздің болашағымыз жоқ. Саясаты тұрақты компаниялардың 89 пайызы бәсекелестеріне қарағанда жақсы көрсеткіштер көрсеткен. Жақын болашақта бизнестің барлығы қандай да бір дәрежеде жасыл бизнеске айналуы тиіс», — дейді Горобцова Виктория.
Shell LiveWIRE ғаламдық бағдарламасы бойынша толық ақпарат
https://www.shell.com.kz/ru_kz/sustainability/what-sustainability-means-at-shell/shell-livewire.html
ЕҚҚДБ ШОБ қолдау бағдарламасы туралы толық ақпарат
https://ebrd.com/knowhow/kazakhstan
ЕҚҚДБ ШОБ қолдау бағдарламасының жаңалықтары
https://www.facebook.com/ebrdkazakhstan/
Business Bilim жаңалықтары мен жаңа ағымға қабылдаудың жариялануы