BYD Қазақстанда NEV нарығының көшбасшысы атанды

Қазақстандағы жаңа энергия көзіндегі көліктер (NEV) нарығында 2025 жыл тарихи көрсеткіштермен есте қалды. Astana Motors құрамындағы BYD Kazakhstan компаниясы жылдың қорытындысы бойынша елімізде электр және гибридті көліктер сатылымында айқын көшбасшы атанды. Бұл — брендтің Қазақстан нарығындағы жүйелі жұмысы мен тұтынушылар сенімінің нақты нәтижесі.
Қазақстанның автомобиль одағының (ҚАО) деректеріне сәйкес, 2025 жылы BYD-дің ресми дилерлері 3245 дана электр және гибридті көлік сатқан. Нәтижесінде брендтің NEV сегментіндегі үлесі 76%-ға жетті, бұл көрсеткіш BYD-дің нарықтағы үстемдігін айқын көрсетеді.
Сенім мен сұраныс — компанияның басты құндылығы. BYD-дің Қазақстандағы дистрибуция директоры Антон Куц компания жетістігінің негізгі себебін тұтынушылар сенімімен байланыстырады:
«BYD – NEV сатылымы бойынша әлем чемпионы. Біз үшін әлемдік көшбасшыны таныту – зор мәртебе, ал клиенттердің сенімі – біздің ең жоғары құндылығымыз. 5 жыл ішінде BYD Қазақстанда NEV көлігін деген тұтынушылардың сұранысын қалыптастырды»

Оның айтуынша, экологиялық таза көліктер бүгінде брендтің жалпы сатылымының төрттен үш бөлігін құрап отыр. Бұл — өнімнің сапасы мен технологиялық артықшылықтарының, сондай-ақ бренд танымалдығының тұрақты өсіп келе жатқанын білдіреді.
2025 жылы Қазақстандағы ең танымал он NEV моделінің бесеуі BYD брендіне тиесілі болды. Сатылым көрсеткіштері төмендегідей:
-
BYD Song Plus DM-i гибридті кроссовері — 1534 дана
-
BYD Yuan Up электр кроссовері — 872 дана
-
BYD Song Plus EV — 609 дана
-
BYD Sealion 7 — 123 дана
-
BYD Han люкс электр седаны — 79 дана
Электр көліктері мен қосылатын гибридтер арасындағы сатылым арақатынасы 52% – 48% болып қалыптасты. Бұл қазақстандық тұтынушылардың екі технологияға да бірдей қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.

Компания алдағы кезеңде Қазақстандағы дилерлік желіні кеңейтіп, модельдік қатарды жаңартуды, сондай-ақ BYD стандарттарына сай қызмет көрсету сапасын арттыруды жалғастырмақ.
Қазіргі таңда Қазақстанда 20 ресми дилерлік орталық жұмыс істейді. Олар BYD стандарттары бойынша қызмет көрсететін білікті мамандармен және қосалқы бөлшектер қоймаларымен қамтамасыз етілген.
Astana Motors — BYD-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы ғана емес, сонымен қатар Өзбекстандағы ең ірі BYD дилерлік желісінің иесі.
Сонымен қатар, компания электр көліктеріне арналған MyCharge зарядтау станцияларының желісін белсенді дамытып келеді. Бүгінде бұл станциялар Қазақстанның 9 қаласында жұмыс істейді, ал 2026 жылы олардың санын екі есе арттыру жоспарланып отыр.
BYD-дің 2025 жылғы жаһандық жетістігі де айрықша. Қытайдан тыс нарықтарда бір жыл ішінде 1 миллионнан астам NEV көлігі сатылды, ал желтоқсан айында компания 15 миллионшы автокөлігін шығарып, жаңа рекорд орнатты.
Инновация — BYD дамуының басты қозғаушы күші. Компанияның зерттеу-әзірлеу (R&D) саласына құйған жалпы инвестициясы 220 млрд юаньнан асты. Тек 2025 жылдың өзінде бұл бағытқа шамамен 6 млрд АҚШ доллары бөлінген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30%-ға көп.
BYD бүгінде сапа, инновация және стратегиялық даму арқылы әлемдік бәсекеде алдыңғы қатарға шыққан брендке айналды. Бағаның әртүрлі сегментіндегі модельдер, дамыған инфрақұрылым және экологиялық таза технологияларға басымдық беру — компанияны 110-нан астам елде танымал әрі сенімді бренд ретінде қалыптастырды.
Қазақстан үшін BYD-дің жетістігі — бұл тек сатылым көрсеткіші емес, экологиялық таза көлік мәдениетінің қалыптасуына жасалған маңызды қадам.
Ғазиза Ұзақ




