Central Asia Gateway Дүниежүзілік инвестициялық форумда «Үздік сауда ақпарат порталы» жүлдесін жеңіп алды
Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) мемлекет басшылары, бас директорлар, министрлер және халықаралық ұйымдар басшылары екі жылда бір рет өткізілетін Дүниежүзілік инвестициялық форумда Орталық Азияның интернет-сауда ақпараттық хабы – InfoTradeCentralAsia.org –«Үздік сауда ақпарат порталы» марапатына ие болды.
Платформа Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Халықаралық Сауда Орталығы (ITC) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) техникалық қолдауымен жүзеге асыратын Ready4Trade Орталық Азия жобасы аясында жасалды.
Деректер алмасу арқылы сауданы жеңілдету
Central Asia Gateway – Орталық Азияның барлық бес еліндегі: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстандағы және Тәжікстан, Түркіменстан серіктестермен тығыз ынтымақтастықта әзірленген платформа.
Платформа осы елдердің Орталық Азиядағы Ready4Trade жобасы аясында ITC қолдауымен әзірленген Ұлттық Сауданы Жеңілдету Порталдарын (TFP) біріктіріп, пайдаланушыларға аймақтағы трансшекаралық сауда рәсімдері туралы ақпаратқа оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Central Asia Gateway және оның желісі Орталық Азиядағы 280 сауда ағынын қамтып, 2023 жылдың мамыр айында іске қосылғаннан бері портал 195 000 рет қаралды.
Қолайлы бизнес-ортаны құру
Central Asia Gateway саясаткерлер мен жеке сектор операторлары арасындағы диалогты дамыту, процедуралық талаптарды салыстыруды жеңілдету және белгілі бір талаптарға қол жеткізу үшін жол карталарын әзірлеуге және іске асыруға көмектесу арқылы сауданы жеңілдету мақсатына жету үшін аймақтағы және дәліздер бойындағы сауда рәсімдеріне шолуды салыстыру үшін аймақтық индекс ұсынады.
Онлайн платформа жеткізу тізбегінің ашықтықтығын дамытады, саудаға қатысты ақпаратқа қол жеткізу үшін жұмсалатын шығындарды, уақыт пен күш-жігерді және шекаралық жөнелтілімдердің кідірістерін азайтады, дәліздер бойынша тиімділікті, сонымен қатар аймақтық сауда интеграциясын арттырады.
«Central Asia Gateway аймақтың бес елі арасындағы сауда ынтымақтастығын арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл Орталық Азияны ірі, икемді нарыққа және күшті халықаралық сауда ойыншысына айналдырады да, аймақішілік сауданың жылдам әрі тегіс жүруіне мүмкіндік береді. Бұл Орталық Азия мен Еуропалық Одақтың серіктестігі маңыздылығын арттыра түседі», — деді Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестутис Янкаускас.
ITC атқарушы директоры Памела Кок-Гэмилтон: «Бұл марапат Орталық Азия елдерінің аймақтағы бизнес, соның ішінде шағын бизнес үшін сауданы тезірек, жеңілдету және шығынды азайту жөніндегі күш-жігерін мойындау болып табылады. Біз қол жеткізілген прогресті нығайту үшін саясаткерлермен және бизнеспен бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз».
Алға айқын жол салу
«Ағымдағы жылдың басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші Консультативтік кездесуінде тауар өндірушілердің бірыңғай электрондық деректер базасын құру арқылы Central Asia Gateway платформасын кеңейтуді ұсынған болатын. Бұл бастама, «елдегі аймақішілік тауар айналымы соңғы бес жылда 80%-дан астамға артып, 10,6 млрд долларға жеткен» әсіресе, Қазақстандағы сауда мен инвестицияны жеңілдетуге септігін тигізеді», деді ол.
Марапаттау рәсімінің алдында сөз сөйлеген ITC-дің Қазақстандағы серіктесі Сауда саясатын дамыту орталығы (QazTrade) бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров: «Орталық Азия елдері экспортты ұлғайту бойынша өзіне ауқымды міндеттер алды. Шағын және орта бизнес үшін Central Asia Gateway Орталық Азия дәліздері бойындағы трансшекаралық формальдылықтарды «есіктен-есікке» шолу арқылы жаңа нарықтарға қосылу мүмкіндіктерін ұсынатын тамаша құрал болып табылады. Осы жалғыз портал арқылы трейдерлер импорт, экспорт және транзит ережелері мен процедуралары туралы ақпаратты, соның ішінде Орталық Азия елдерінде талап етілетін барлық нысандар мен құжаттарды ала алады»
Бұл марапат Орталық Азия елдерінің Дүниежүзілік сауда ұйымының сауданы жеңілдету туралы келісіміне сәйкес аймақтағы сауданы жеңілдету және халықаралық нарықтарға қосылуда қол жеткізген прогресті көрсетеді.