ЕБРР Eurasian Machinery Kazakhstan компаниясына 10 млн АҚШ доллары көлемінде несие береді

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде ауыл шаруашылығының, құрылыс саласының, инфрақұрылымдық сектордың және тау-кен өнеркәсібінің тиімділігін арттыруға , экскаваторлар мен басқа да мамандандырылған техниканың жетекші жеткізушісі болып табылатын Eurasian Machinery Kazakhstan (EMK) компаниясына қолдау көрсетуде.

Hitachi Construction Machinery және басқа да әлемге танымал өнеркәсіптік жабдықтар брендтерінің ресми дистрибьюторы болып саналатын EMK компаниясы ЕҚДБ-ның 10 млн АҚШ долларына дейінгі (8,9 млн еуро) несиесін ұзақ мерзімді айналым капиталын қаржыландыруға бағыттайды. Бұл қаражат компанияға қойма қорларын басқаруды оңтайландыруға, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына қажетті қосалқы бөлшектерді сатып алуға, сондай-ақ сервистік бөлімшенің қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде EMK Қазақстанда және өңірдің басқа елдерінде өз қызмет ауқымын кеңейтіп, мамандандырылған оқыту бағдарламалары арқылы қызметкерлерінің техникалық біліктілік деңгейін арттыра алады.

Бүгінгі таңда ЕҚДБ Қазақстанға 361 жоба аясында шамамен 13,6 млрд АҚШ долларын (12 млрд еуро) инвестициялады. Бұл Қазақстанды Орталық Азиядағы ЕҚДБ инвестицияларының ең ірі әрі ең ұзақ мерзімді алушысы етеді.