Efes Art Space алаңында «Машаның хаттары» көрмесінің тұсаукесері өтті
Театрдың синкреттік өнері әр түрлі маман иелерінің ынтасымен қалыптасады. Efes Art Space оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын актриса Мария Дубоделованың өмірлік тәжірибесі негізіндегі «Действие буквально» театр зертханасының әлемімен танысуға шақырады.
«Действие буквально» — 2017 жылы құрылған Орталық Азиядағы алғашқы кәсіби инклюзивті театр. Театрда жиырма әртіс қызмет етеді. Арасында аутизм және Даун синдромына шалдыққан жандар да бар. Бұл нейротипті адамдардың ой-мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби тәуелсіз шығармашылық топ. Ұжым түрлі алаңдарда сәтті өнер көрсетіп, гастрольдік сапарларға шығып, шығармашылық жобаларға қатысып келеді.
Efes Art Space жобасының кураторы Ольга Веселова:
«Театр – ұжымдық жұмыс. Кез келген ұжымда өзара сыйластық, жеке қарым-қатынастың және эмоционалдық байланыстардың күрделі жүйесі болады. Зертхананың ұжымдық өмірінің тылсымымен біз Машаның әріптестеріне жазған хаттары арқылы танысамыз. Актрисаның шынайы, сезімтал өмірлік тәжірибесі тек ауызша ғана емес, сонымен қатар көркем артефактілер сияқты көрінеді. Машаның мұндай адамгершілікке толы хаттары көрерменді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Әр адам өзін және өз өмірлік тәжірибесін білуге мүмкіндік алады»
Құрылған сәттен бастап «Действия буквально» труппасы ондаған спектакльдер мен эскиздерді жарыққа шығарды. АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Франция, Ресей, Өзбекстан және Қазақстандағы әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеді. Сондай-ақ театр репертуарында «Вавилон мұнарасы» (режиссері Борис Павлович) және «Ойыншық» (режиссері Катя Дзвоник) екі спектакльдері бар. Театр актерлері Қазақстандағы және шетелдегі түрлі шығармашылық ұжымдардың жобаларына тұрақты түрде қатысады.
Маркетинг директоры Зейнеп Эркан Альп:
«Efes Art Space көрмесіне «Действия буквально» театрының қатысуы біз үшін үлкен тосын сый болды. Біз «Машаның хаттары» жобасын қуана қолдадық. Efes Art Space қонақтары «Действия буквально» инклюзивті театрының шығармашылық жолымен одан әрі жақынырақ таныса алатынына сеніміміз мол»
Ағымдағы көрме күнтізбесін Efes Art Space Instagram парақшасынан www.instagram.com/efesartspace табуға болады.
Efes Kazakhstan тұрақты даму стратегиясы аясында өнерге қолдау көрсете отырып, Алматы қаласын көп функциялы өнер алаңымен таныстыру туралы шешім қабылданды. Efes Art Space бастамасының мақсаты – өнер саласындағы қызықты идеяларды қолдау, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын атап өту.
Efes Art Space сыйлығының қазылар алқасы: Efes Kazakhstan өкілдері Зейнеп Еркан Алп пен Светлана Чванова, Efes Art Space өнер кураторы Оля Веселова, суретші Арыстанбек Шалбаев, Артишок театрының актрисасы және директоры — Анастасия Тарасова және эко белсенді Ажар Джандосова.