EFES Қазақстан компаниясы Efes Art Space-2024 байқауына өтінімдерді қабылдайды

EFES Қазақстан Efes Art Space-2024 байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдауға ашық байқау жариялайды. Өтінімдерді қабылдау 30 қаңтарда басталды. Оған суретшілер, иллюстраторлар, фотографтар, дизайнерлер, шығармашылық топтар мен кураторлар қатыса алады. Байқаудың қазылар алқасы алты көрме жобасын таңдап алады. Өтінім беру мерзімі 2024 жылдың 30 қаңтары мен 27 ақпаны арасында жалғасады. Нәтижелері 2024 жылдың 6 наурызында жарияланады.

Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Еркан Алп:

«Қазіргі таңда біз заманауи суретшілер көрмелерінің жаңа маусымының ашылуына дайындалып жатырмыз. Efes Art Space талантты авторларды таныстыруға асығамыз. 2024 жылдың соңына дейін біз алты көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан біз Efes Art Space-2024 көрмесіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан қызықты жобаларды аламыз деп үміттенеміз»

Өткен маусымның үздік жобаларын марапаттайтын Efes Art Space Award рәсімі 2024 жылдың 22 ақпанына жоспарланған. Зейнеп Ерқан Алп пен Светлана Чванова сынды Efes Kazakhstan өкілдері, сондай-ақ өнер кураторы Оля Веселова, суретші Арыстанбек Шалбаев, Артишок театрының актрисасы әрі директоры Анастасия Тарасова және эко-белсендісі Ажар Жандосова бар қазылар алқасы байқаудың әр түрлі санаттары бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Үздік жобаға 500 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі.

Efes Kazakhstan тұрақты даму стратегиясының аясында Алматы қаласын стандартты емес көп функционалды өнер алаңымен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Efes Art Space бастамасы Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын айта отырып, өнер саласындағы инновациялық идеяларды қолдауға бағытталған.

Байқауға қатысу бойынша толық ақпарат сілтеме бойынша ұсынылған: https://bitly.ws/3bP3Z