ERG-дің корпоративтік университеті халықаралық EFMD қауымдастығына мүше болды
2023 жылдың маусым айында ERG-дің корпоративтік университеті халықаралық «Еуропалық менеджментті дамыту қоры» (EFMD) қауымдастығына мүше болды. Университетті дамыту қамындағы бұл маңызды қадам оның сапалы білім берудегі жетекші ұйым репутациясын растайды.
«Еуропалық менеджментті дамыту қоры» (EFMD) – менеджмент пен дамыту саласындағы жетекші бизнес-мектептер, университеттер мен корпорацияларды біріктіретін жетекші ұйым. Бүгінде оған әлемнің 88 елінен 890 ұйым мүше. Қор оқыту мен менеджменттегі озық ұстанымдарды әзірлеп, үздік тәжірибе мен академиялық әріптестік алмасу ісіндегі жаһандық форумға айналған.
«Еуразиялық Топ» ЖШС Бас директоры Серік Шахажанов:
– Бізге EFMD-нің жұмысымызды жоғары бағалап, қауымдастыққа қосылуға шақырғаны зор мәртебе. ERG дарынды мамандарды тартып, дамытуда тек Қазақстан ғана емес, ТМД-ның индустриалды компанияларының арасында көш бастауды көздейді. EFMD-ге мүше болу біздің корпоративтік университетімізді дамытудағы маңызды қадам. Әрі біздің сапалы білім берудегі жетекші ұйым екенімізді растайды.
ERG-дің корпоративтік университетінің директоры Валентина Сатарова:
– Бұл үздіктердің үзідігінен тәлім алуға, озық тәжірибелермен бөлісуге берілген теңдессіз мүмкіндік. Оның үстіне оқыту мен дамыту саласындағы сапа стандарттарын қалыптастыруға сүбелі үлес қосады. Біз енді бұл тәжірибені өзіміздің ішкі бағдарламаларымызда кеңінен пайдаланамыз. Сол арқылы дайындық пен кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеміз. Бірнеше жылдан соң біз корпоративтік оқыту саласында халықаралық аккредитациядан өтіп, өзіміздің көшбасшы позицияларымызды растай аламыз деген үміттеміз.