ERG импортты алмастыру бағдарламасының арқасында «Қазхромның» жергілікті қамту үлесі артып келеді
ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ өз алаңында отандық өндірушілер үшін ашық есік күнін өткізді. Ақтөбе облысы әкімдігінің, индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Атамекен ӨКП өкілдерімен бірлесе отырып, әлеуетті жеткізушілерге сатып алу науқандарына қалай қатысу керектігі және жергілікті бизнесті қолдау шаралары туралы баяндады.
Eurasian Resources Group сатып алу саясатында жергілікті қамтуды арттыруға баса көңіл бөледі. «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның қос филиалы орналасқан тек Ақтөбе облысында өндірілген өнімнің әр 100 теңгесіне экономиканың басқа салаларында қосымша 65 теңгенің өнімі шығарылады. Шикізат пен жанар-жағармай материалдарынан бастап дайын өнімге дейін – 15 мыңнан астам аталым бойынша өнім Қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын.
– Әлеуметтік жауапты компания ретінде біз жергілікті қоғамдастықты дамытуға және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүдделіміз. Отандық тауар өндірушілерді қолдай отырып, өңір экономикасы ғана емес, жалпы Қазақстан экономикасының тиімділігі артып келеді, — деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев. – Бұл ретте біз серіктестерімізге жоғары талаптар қоямыз. Нәтижесінде біздің өндірісіміз осыған байланысты болмақ.
2020 жылы Топта импортты алмастыру жөніндегі бағдарлама қолға алынды. Оның аясында ұзақ мерзімді қажеттілік қалыптасты. Соған сай, ERG берілген өтінімдерге сәйкес ұзақ мерзімді немесе оффтейк-келісімшарттар жасасуды қарастыруға дайын. Мұндай шаралар – жаңа өндірістерді іске қосуды қолдау құралы. Бұдан бөлек, компанияның сатып алушылары отандық нарықты үнемі бақылап отырады және бұрын шетелде сатып алынған импорттық тауарларды алмастыруға ықпал етеді.
– Біздің ішкі регламенттер байқау нәтижелері бойынша делдал ең жақсы шарттарды ұсынса да, тең жағдайларда өндірушілерге артықшылық беруге мүмкіндік береді. Бұл жаңа қазақстандық өндірістердің өтімділігне кепілдік береді, — деді кездесуде «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның сатып алу және логистика жөніндегі басшысы Игорь Филиппенко.
Кездесуде компания өкілдері ақтөбелік кәсіпкерлерді ERG (https://torgi.erg.kz/home) сатып алу порталымен, тіркеу және аттестаттау қағидаттарымен, сатып алуға қатысу шарттарымен таныстырды. Порталдан «Қазромның» дәл қазіргі қажеттіліктері туралы барлық ақпаратты және оффтейк-шарттардың жобаларын табуға болады.
– Жергілікті қамтуды дамыту қашан да ҚР Президенті мен Үкіметінің басты назарында болады. Осы бағытты іске асыру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты негізде отандық өндірушілерді қолдау механизмін әзірлеуде, — деді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов. Өңірдің әкімдігімен және жер қойнауын пайдаланушыларымен бірлесіп ұйымдастырылған кездесу аясында біз өткізілетін сатып алуларда тауар өндірушілерді барынша қамту міндетін алға қойып отырмыз. Бұл өнімді кепілді сатуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Мұндай іс-шараларды өткізу бизнестің сатып алуларға қатысуға қызығушылығын арттырады. Кездесу қорытындысы бойынша «Қазхром» өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтасуға дайын екендерін білдірді. Олар сатып алуларға қатысуға және аттестаттаудан өтуге өтінімдер күтуде.