ERG жоғары сапалы кобальт өндіру үшін КДР-де байыту зауытын салады
Зауыт 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда;
жобаға құйылатын инвестицияның жалпы көлемі – 2 0 миллион АҚШ доллары.
Штаб-пәтері Люксембургте орналасқан жетекші әртараптандырылған табиғи ресурстар тобы Eurasian Resources Group (ERG) тау-кен және металлургия саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі Қытайдың BGRIMM Technology Group компаниясымен келісімге отырды. Келісім ERG КДР-де сала бастаған жоғары сапалы кобальт өңдейтін зауытқа қатысты. Бұл өндірістік нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Кобальт гидроксидін КДР-де орналасқан аккумулятор өнеркәсібіне арналған материалдардың әлемдегі ең ірі өндірушілерінің бірі және Қытайға кобальтты жетекші жеткізушілердің бірі болып табылатын Metalkol кәсіпорны жеткізеді. BGRIMM-пен келісім 17 қазанда Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ІІІ жоғары деңгейдегі форумы аясында жасалды.
ERG литий-ионды аккумуляторлар секторы үшін жоғары сапалы материалдарды өндіру үшін КДР-дегі және әлемнің басқа елдеріндегі активтер портфолиосын дамытуды жалғастыруда. Соңғы төрт жылда Топ ERG-дің флагмандық зауыты Metalkol-дің өндірістік қуатын он есеге арттырды. ERG сонымен қатар әлемдегі ең ірі дәлелденген мыс пен кобальт қорларына ие КДР-дегі тағы бір негізгі активі COMIDE-ні дамытуда.
Осы тұрғыда ERG BGRIMM-мен бірлесіп салатын кобальт байыту фабрикасы ERG-дің негізгі аккумуляторлық материалдарды өндіретін активтер портфолиосына маңызды қосымша болады, өйткені бұл нысан аккумулятор нарығына жоғары таза кобальт гидроксидін жеткізеді. Ол, сондай-ақ, Топтың барлық құн тізбегі бойынша ашық түрде шығарылатын электрлі көліктер секторы үшін материалдардың стратегиялық жеткізушісі ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайтады.
Бенедикт Соботка, ERG Бас атқарушы директоры: «Бір белдеу, бір жол» форумы құрылғаннан бері ERG жыл сайын осы шараға қатысып келеді, өйткені біз жаһандық индустрия үшін маңызды шешімдердің осында тұрақты қабылданатынын білеміз. Бұл Форум ерекшелік емес: ERG мен BGRIMM арасындағы жоғары сапалы кобальт байыту фабрикасын салу туралы келісім таза энергияға көшу үшін қажетті негізгі пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуді одан әрі қолдайды».
«Біз КДР-де кобальтты өңдеуге жалпы инвестицияның өсуіне үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, бұл тау-кен және металлургия өнеркәсібінің маңызды орталықтарының бірі болып табылатын және әлемдік кобальт өнеркәсібінде шешуші рөл атқаратын елдегі инфрақұрылымды одан әрі жақсартып, жергілікті халық үшін көптеген жеңілдіктер жасайды», — деп қосты Бенедикт Соботка.
ERG КДР-дің негізгі серіктестерінің бірі болып табылады: компанияның осы елге салған инвестициясы 9 миллиард АҚШ долларынан асады, ал төленген салықтар, дивидендтер мен роялти сомасы 1,6 миллиард АҚШ долларынан асады. Сонымен қатар, ERG елде 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, компания кәсіпорындарының маңында тұратын жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. ERG келесі екі жыл ішінде КДР-ге тағы 2 миллиард АҚШ долларын инвестициялауға ниетті.