Роза Рымбаева «Жаңбырлы түн» альбомын ұсынады

MUSICAL MUSIC отандық әншілердің бірегей музыка жинағын винилге басып шығаруды жалғастыруда.

31 қазан күні сағат 19:00-де Гоголь, 58 (Панфилов к-сі қиылысы) MELOMAN-MARWIN Grand дүкенінде халық әншісі Роза Рымбаеваның «Жаңбырлы түн» альбомының шектеулі басылымының тұсаукесері өтеді.

Қазақ эстрадасының жаңа альбомы — қазақ романтикасының әлеміне ену. Бұл пластинка қазақ музыка әлеміндегі үлкен жаңалық. Халықтың сүйікті әншісінің ғажайып дауысын бірнеше ұрпақ таниды. Қазақ елінің сүйіспеншілігіне бөленген әншінің жаңа тыңдармандары немесе көптен бері жанкүйерлері көбейе берсін деген ниетпен альбом тұсаукесерінде автограф сессия ұйымдастырылады.

«Жаңбырлы түн» – әншінің репертуарының алтын қорын құрайтын 13 шығармадан тұратын альбом. Оның  ішінде Әлия», «Қазақ елі», «Махаббат келді» секілді тыңдармандардың ерекше сүйіп тыңдайтыны әндері бар.

Роза Рымбаева өз жұмысында дәстүрлі мотивтерді саладағы заманауи үрдістермен шебер және үйлесімді үйлестіре отырып, ұмытылмас музыкалық элегия жасайды. Оның әндері әрқашан сезімге, сағынышқа, сүйікті жерінің сұлулығына сүйсінуге толы. Альбомның ерекшелігі Александр Беляковтың жетекшілігімен 40 музыканттан тұратын Al Jazz Symphony оркестрінің сүйемелдеуімен жазылған жазба болды. MELOMAN компаниясының арқасында бұрын сандық форматта шығарылған альбом енді винилде қол жетімді, ол дыбыс сапасын өте жақсы көрсетеді және сахнаның толық тереңдігін ашады.

Альбомның винил нұсқасы marwin.kz және meloman.kz сайттарында және, әрине, Қазақстан бойынша барлық MELOMAN-MARWIN бөлшек сауда дүкендерінде сатылымға шығарылған. Жазбаның көшірмесін сатып алуға асығыңыз, өйткені винил басылымы шектеулі!