ESG стандарттары бойынша сақтандыру: қазақстандық компанияның тәжірибесі
ESG-стандарттарына сәйкестік — бұл жай ұран емес, көптеген ірі компаниялардың, соның ішінде сақтандыру компанияларының ұстанымдарының бірі.
Неліктен қаржы институттары ESG-стандарттарын ұстанады? Біріншіден, бұл шетелдік инвесторлармен және ірі қаржы институттарымен қарым-қатынас үшін өте маңызды. Екіншіден, олар елдегі экологиялық мәселеге кері әсерді азайтуға көмектеседі. Үшіншіден, ESG-стандарттары бизнес үшін тиімді. Freedom Insurance сақтандыру компаниясын бір ғана мысал ретінде алуға болады.
ESG-стандарттарын ұстану компанияның үш даму принципін көрсетеді: әлеуметтік – қызметкерлермен, жеткізушілермен, клиенттермен, серіктестермен және тұтынушылармен қарым-қатынаста азаматтық және еңбек құқықтарын сақтау; басқарушылық – ашық есеп беру, еңбекақы, акционерлермен тығыз қарым-қатынас, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімдерді сақтау, кеңседегі жағдайдың қолайлылығы. Үшінші стандарт – компанияның қоршаған ортаға деген құрметі.
Freedom Insurance сақтандыру компаниясының қызметі мен корпоративтік басқару қалпы бірнеше жыл бойы ESG-стандарттарымен нақтыланған.
Компанияның басқарудағы ұстанымдары стандартқа сәйкес келеді — ол бірте-бірте өзгеріп, даму үстінде. Егер 2022 жылы оның форматы тек акционерлік қоғамға және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) заңнама талаптарына сәйкес келетін бір акционері бар акционерлік қоғам болса, онда Freedom Holding Corp-ке кірген соң компания қосымша критерийлерге сәйкес келе бастады. Оны бірнеше ұлттық реттеушілер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚНРДА, сондай-ақ, АҚШ бағалы қағаздар нарығын реттеуші SEC бақылауға алды. Жылына бір рет қаржылық аудиттен өтетін Қазақстан Республикасындағы басқа сақтандыру компанияларынан айырмашылығы, Freedom Insurance АҚШ реттеушісінің талабы бойынша әр тоқсан сайын кемінде екі аудиттен өтеді: тоқсан сайынғы қаржылық және SOX аудиті. Бұл аудиттің нәтижесі холдинг акцияларының бағасына тікелей әсер етеді.
«ESG есеп беруі халықаралық қаржы компаниялары үшін маңызды көрсеткішке айналды. Бұл «үлкен төрттік» деңгейіндегі қаржылық үйлердің компанияны бағалауына әсер етеді. Әртүрлі халықаралық қаржы институттары қаржыландыруды алғысы келетін компаниялардан ESG-ұстанымдарына сәйкес келуін талап етеді», — деп атап өтті Freedom Insurance Басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.
Freedom Insurance компаниясының корпоративтік басқаруы да өзгеріс үстінде. Компания директорлар кеңесінің құрамы мен атқарушы органның құрамын кеңейтті. Бұл корпоративтік басқару тәуекелдерін, сондай-ақ сақтандыру компаниясының сату көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар 2023 жылы компания директорлар кеңесі мен атқарушы органды біріктірді, әрі компанияның алдағы 5 жылға даму стратегиясын бекітті. Кәсіпорын қызметкерлері мен атқарушы органдар үшін бюджетті және бонустық карталарды құру жұмысы қалыпқа келтірілді. Берілген ақпараттың барлығы ашық және қолжетімді, бұл компанияға ұйым ретінде ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді, өйткені директорлар кеңесі мүшелерімен тығыз байланыста.
Сондай-ақ менеджмент тұрғысынан Freedom Insurance мемлекеттік деректер базасымен ықпалдаса отырып, мемлекетпен ынтымақтасады. Компания қазақстандық реттеушілермен кеңесе отырып, сақтандыру өнімдері мен шағымдарды реттеу процестерін жақсарту үшін қажетті заңдарға тұжырымдамалық өзгерістер ұсынып жатыр.
2022 жылы Freedom Insurance компаниясы бірінші болып жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемдерін 5-10 күн ішінде алуға мүмкіндік беретін DTP.kz жобасын жүзеге асырды. Компанияның бастамалары Қазақстанда Еуропротокол жүйесін енгізуді жеделдетті. Биыл компания заңды тұлғалардың сенімділігін автоматты түрде бағалайтын заңды тұлғалар үшін скоринг жүйесін құру процесін бастады. Оның көмегімен корпоративтік сақтандыру бойынша жеке тарифтерді автоматты түрде қолдануға болады. Бұл Freedom Insurance компаниясына әрбір серіктеспен жеке қарым-қатынас орнатуға және оларға бірегей сақтандыру шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік құрамдас туралы айтатын болсақ, компанияның жұмыс барысы мен өнімдері тұтынушыға бағытталғандығына басты назар аударады. Бұл сонымен қатар мемлекеттік қызметтермен интеграцияның арқасында мүмкін болды. Олардың көмегімен компания клиенттің келісімімен сақтандыру есеп айырысу үшін құжаттар пакетін рәсімдеп әрі жабу үшін қажетті құжаттарды ала алады. Бүкіл холдингтің инфрақұрылымына қол жеткізудің арқасында Freedom Insurance сақтандыру туралы негізделген шешім қабылдау үшін клиенттің мінез-құлқы туралы көлемді деректерді қалыптастырады. Компания әрбір клиент өзінің тәуекел деңгейі үшін нақты бағасын төлейтін жеке тариф белгілеу принципін енгізді. Тәуекелдің төмен деңгейі сақтандыру сыйлықақысының құнын төмендетеді және керісінше, клиент үшін тәуекелдің жоғары деңгейі ол үшін сыйлықақы бағасын арттырады. «Мұндай тәсілді енгізу клиентті жүйеге келтіріп, оның тәуекелдерін басқаруға ұқыптылықпен қарауға мәжбүр етеді. Сақтандыру құнын азайтқысы келсе, алдын алу шараларын қолданады. Мысалы, үйде дабыл беру жүйесінің болуы мүлікті сақтандыру құнын төмендететін алдын алу шарасы болады», — деп баса айтты Азамат Керімбаев.
ESG-дің үшінші ұстанымы компанияда процестерді цифрландыру арқылы байқалады. Компания басшылығы көптеген құжаттарға смартфон мен ЭЦҚ арқылы қол қояды. Бұл тәжірибені әдетте бүкіл Freedom Holding Corp. қолданады. «ESG — бұл қағазды үнемдеу ғана емес. Бұл бизнестің қоршаған ортаға ықпалын азайтады. Өйткені Freedom Insurance компаниясы барлау кезінде жер қойнауын пайдаланушыларды сақтандыру бойынша көшбасшы болып табылады. Сақтандыру ұстанымы – егер барлау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы артына қоқыс пен қалдықтарды қалдырса, онда біздің компания мемлекетке сақтандыру өтемақысын төлейді. Осы нарықтағы көшбасшы және геологиялық барлау компанияларының жауапкершілігін сақтандыратын Freedom Insurance осы қызметті қаржыландыру арқылы экологиялық апаттар қаупін азайтады», — деп түсіндіреді сақтандырушы.
Бұл ретте сақтандыру жағдайының орын алуы жеткізушінің өзіне кері әсерін тигізеді – ол тендерлерге қатысудан бас тартып, жосықсыз қызмет көрсетушілердің тізіміне енеді. Бұл клиент тәуекелдерге қатысты өзін-өзі сақтандыру түріне жатады.
Халықаралық қаржы корпорациясының мәліметі бойынша, ESG-стандарттарын енгізетін компаниялар өздерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартады. Freedom Insurance мәліметтері де мұны растайды: 2023 жылы компания активтерін 33,65 миллиард теңгеден ұлғайтты. Бір жыл ішінде меншікті капитал 5,27 миллиардтан 20 миллиардқа дейін өсті. Компанияның сатылымы бір жылда екі есеге өсті: 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша олар 21,5 миллиард теңгені, ал 2022 жылы 10,5 миллиард теңгені құрады. «КПМГ Аудит» ЖШС (KPMG Kazakhstan) 2023 жылға арналған Қазақстандағы сақтандыру компанияларының рейтингінде компания 16-шы орыннан (18-ден) 8-ші орынға (17-ден) көтерілді.
ESG-стандарттарын 2006 жылы БҰҰ әзірлеген және сәйкесінше барлық ірі жаһандық корпорацияларға ұсынылған. Олар кедейлік пен аштықты жоюға, халықтың денсаулығын қолдауға, гендерлік теңдікке қол жеткізуге, арзан және таза энергияны өндіруге және пайдалануға, табиғи экожүйелерді қорғауға және сақтауға, т.б. бағытталған тұрақты дамудың 17 мақсатына қол жеткізуге көмектеседі.
Қазақстан БҰҰ бастамаларына ілесуге тырысуда. 2022 жылы ел үкіметі 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдады. Құжатта елдің ESG тәжірибесі мен жасыл қаржыландыру әдістеріне мұқият талдау жүргізілетіні айтылған. Осы құжатқа сәйкес ESG-ұстанымдарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізу бойынша ұсыныс әзірлеу жоспарлануда.