Eurasian Resources Group жеке Корпоративтік университетін ашты
ERG Қазақстандағы кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеке Корпоративтік университет ашты. Бастама бизнесті трансформациялау аясында қолға алынған. Университеттің эталонды оқыту жүйесі тәжірибемен бекітілген озық үлгі мен ERG кәсіпорындарының салалық ерекшеліктерін ескеріп, оларды үйлестіреді. Оқытуда қызметкерлердің кәсіби құзіреттері мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ерекше екпін түсірілмек.
2023 жылдың қаңтар айында Eurasian Resources Group-те орнықты дамудың негізгі 5 бағыты бойынша ауқымды қайта құруды көздеген бизнесті трансформациялау бағдарламасы басталды. Негізгі мақсаттардың бірі – компания талантты әрі мақсаткер адамдарды топтастыратын ең тартымды жұмыс берушілердің біріне айналу. ERG-дің Корпоративтік университетін іске қосу – осы мұратқа жету қамындағы алғашқы қадамдардың бірі.
– ERG құндылықтарының бірі – даму. Сол себепті компания осыған дейін адам капиталын дамытуға айтарлықтай инвестициялар құйып келді, әрі бұл істі жалғастыра береді,- деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – ERG-дің Корпоративтік университетіне заманауи инфрақұрылым, әлемнің озық тәжірибелеріне негізделген оқыту жүйесі құрылады. Біз барлық қызметкерлерімізді – жалынды жастар мен тәжірибелі мамандарымызды түрлі форматтарда жүйелі оқытамыз. Қызметкерлерімізді үздіксіз дамытып, тұрақты оқыту – компания жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Бұл жолда әр адамға бірдей мүмкіндік ұсынамыз.
2022 жылы ERG кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген мыңдаған маман алуан түрлі 173 мың курс пен тренингтерде тәлім алғанын айта кеткен абзал. Міндетті оқытумен қатар, еуразиялықтар кәсіби біліктілігін, көшбасшылық қабілеттерін тұрақты жетілдіріп отырады. Оқытуды көздеген корпоративтік шараларды айтпағанда, қызығушылығына қарай шет тілдерін меңгеріп, Coursera, Udemy, LMS тұғырманаларындағы онлайн-курстарды оқыды. Процеске заманауи әдістемелер мен тың көзқарас енгізіліп, технологиялық симуляторлар, 3D мен VR-технологиялар да кеңінен қолданылып келеді.
ERG-дің Корпоративтік университетіне тиімді ішкі оқыту жүйелерін құру мен оның нәтижелерін бақылау, персоналды оқыту мен дамыту саласында 30 жылдық тәжірибесі толысқан маман – Валентина Сатарова жетекшілік етпек. ERG командасы қатарына қосылғанға дейін Валентина Александровна «НЛМК Корпоративтік университеті» дирекциясының басшысы болатын. Одан ертеректе Soсiete General Group-те корпоративтік оқыту департаментінің директоры, Росбанкте оқыту жобаларының әдістемелерін басқарып, Deltacredit Bank-тің оқыту орталығына обыроймен жетекшілік етті. Бірқатар ірі халықаралық ұйымдардағы корпоративтік оқыту бағдарламаларын басқарған.
Валентина Сатарова ұзақ жылдар бойы персоналдың алуан түрлі санатына оқыту жүйелерін түзу мен оларды дамыту саласында мол тәжірибе жинақтаған. Ол жетекшілік еткен тұста «НЛМК» компаниясында корпоративтік басқарудың операциондық моделі әзірленіп, оқыту тиімділігін бағалау жүйесі түзілді. Ішкі тренерлерді дайындау мектебі қалыптасты. НЛМК компаниясының Корпоративтік университеті 2021 жылы ТМД мен Ресейдің Корпоративтік университеттері байқауында бас жүлдеге ие болса, былтыр «Корпоративтік мәдениетті трансформациялау саласының» көшбасшысы аталымында Бас жүлделер атанған.
Валентина Сатарова – психология ғылымдарының кандидаты, бизнес-коуч, МИРБИС, London Metropolitan University және INSEAD (Франция) бизнес-мектерберінен МВА дәрежесін алған.