Air Astana ұшар алдындағы жаңа бейне нұсқаулықты ұсынды

Наурыз мейрамы қарсаңында Air Astana әуекомпаниясы жолаушылар үшін ұшу алдындағы жаңа бейне нұсқаулығын ұсынды. Жаңартылған нұсқаулық ұшу қауіпсіздігі бойынша маңызды ережелерін Қазақстанның мәдениеті мен табиғатының көзаларлық бейнесімен үйлестірген.

Бейнебаян түсіріліміне 100-ден астам адам қатысқан. Қазақстандық композитор Эмиль Досов бейнебаянға арнайы әуен жазды, Айсұлтан Сейітов режиссері болды.

Ұшу алдындағы нұсқаулықтың жаңа форматы жолаушылардың назарын ұшу қауіпсіздігі ережелеріне аудару және саяхатшылардың Қазақстанның мәдениеті мен табиғатына қызығушылығын арттыру үшін ойластырылған.

Елена Обухова, Air Astana әуекомпаниясының борттық қызметі жөніндегі вице-президенті: «Қазақстанның әсем табиғаты, біртұтас мәдениеті мен салт-дәстүрі Air Astana-ның жаңа қауіпсіздік бейнебаянының жасалуына бірден-бір себеп болды. Бейнебаян арқылы жолаушылар қауіпсіздік ережелерімен танысып қана қоймай, Қазақстанның бірегей табиғи көрікті жерлеріне қызығып, оларды өз көздерімен тамашалауға ынталанатынына сенімдіміз»