Орталық Азияда электрондық коммерцияны дамыту аясында аймақтық ынтымақтастық нығая түседі

Орталық Азияның бес елінен жоғары лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдері аймақтық конференцияда және электрондық коммерция мәселесі бойынша екі күндік танысу сапары аясында Дубайда кездесті. Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия» Халықаралық сауда орталығының жобасы Дубайда «Орталық Азияда электрондық коммерцияның әлеуетін пайдалану» бойынша аймақтық конференциясын және екі күндік танысу сапарын өткізді.

Өсіп келе жатқан жоғары жылдамдықты интернет байланысы, әртүрлі смарт құрылғылардың кең таралуы, сонымен қатар қарқынды өсіп келе жатқан орта тап бірінші кезекте Орталық Азияда электрондық коммерция индустриясын дамытуда. IMARC тобының мәліметі бойынша, 2022 жылы Орталық Азияда электрондық коммерция нарығының көлемі 8 миллиард долларға жетті және алдағы бес жыл ішінде пайданың жылдық өсу қарқыны 25,4% болады деп күтілуде.

Өңірлік деңгейдегі ынтымақтастық Орталық Азиядағы электрондық коммерция саласының табысы үшін негіз бола алады. Өңірлік динамиканы қалыптастыру үшін үш күндік іс-шарада Ready4Trade жобасы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан жоғары лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдерін жинады.

Конференцияда қатысушылар өз әріптестерімен білімдерімен бөлісуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әлеуетті салаларын зерделеуге, назар аударуға қажетті негізгі ұлттық саясаттар мен нормативтік-құқықтық базасын айқындауға, сондай-ақ өңірлік деңгейде электрондық коммерцияны барынша қамту мақсатында Орталық Азия аумағында сауда ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылауға мүмкіндіктері болды. Конференцияда қатысушылар бүкіл әлем бойынша 10-шы NOVICA қолөнершілерінің мүмкіндіктерін кеңейту үшін хабты іске қосты. Бұл жаңа хаб Орталық Азия қолөнершілеріне тауарларды бүкіл әлем бойынша халықаралық деңгейде клиенттерге сатуға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа онлайн-сату арналарын ұсынады.

Екі күндік танысу сапары барысында қатысушылар Дубайдың тапсырыстарды орындау орталықтарына барып, B2C ең ірі электрондық коммерция нарығын алып жатқан және Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің әріптестік кеңесі арасында электрондық коммерцияның көшбасшысы болып табылатын халықаралық ойыншылыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығында электрондық коммерциясының озық тәжірибесін зерттеді. Жалпы онлайн сатып алушылардың 60% — дан астамы Дубайда орналасқан екен. Сонымен қатар, электрондық коммерция арқылы сатылатын барлық тауарлардың 90% — ы импортталады, бұл елді әлеуетті серіктестіктерді іздестіруге және зерттеуге үшін қолайлы нарық етеді.

«Электрондық коммерция біздің өмірімізде шындыққа айналғанына күмән жоқ. Шағын және орта бизнес бүкіл әлемдегі бизнестің көп бөлігін құрайды және Интернеттегі қатысуын кеңейту үшін кез келген көлемдегі бизнес үшін электрондық коммерция ерекше мүмкіндік болып табылады», — деді Ашиш Шах (Ashish Shah), Директор, Елдер бағдарламалар бөлімі, Халықаралық сауда орталығы.

«ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясы шеңберінде ЕО орнықтылық пен өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия елдерімен әріптестік қатынастар орнатуда. Электрондық коммерция — бұл сауда мен экономикалық өсуді арттыратын қуатты қозғалтқыш. Электрондық коммерция бәсекеге қабілетті жеке сектордың дамуына ықпал ете отырып және ашық және қолжетімді инвестициялау жағдайларын жасауға қолайлы бола отырып, елеулі әлеуетті ашады. ЕО қаржыландыратын бұл жоба кедендік рәсімдерді оңайлатуға және үйлестіруге, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы дамытуға ықпал етеді», — айтты Х. Э. Андреа Маттео Фонтана (H. E. Andrey Matteo Fontana), Еуропалық Одақтың Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі.

«Қазіргі уақытта БАӘ өңірдің тауарлары мен қызметтерін әрбір континенттегі клиенттермен байланыстыру мақсатында өзара іс-қимыл байланысының мүмкіндіктері мен тапсырыстарды орындаудың ең заманауи мүмкіндіктері теңдесі жоқ әлемдік деңгейдегі логистикалық инфрақұрылымымызды пайдаланатын жетекші жаһандық электрондық коммерция хабы болып табылады. Біз Орталық Азия елдеріне электрондық коммерция секторын дамытуға және олардың өндірушілері, өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері үшін мүмкіндіктер әлемін ашуға көмектесу мүмкіндігін құптаймыз», — Х.Э. Тани Аль-Зейуди (H.E. Thani Al Zeyoudi), БАӘ мемлекеттінің Сыртқы істер министрі.