Димаш Құдайберген шуақты Наурыз мейрамымен құттықтайды

22 наурызда Алматыда ОРРО компаниясы өзінің бренд-амбассадоры, дүние жүзіне танымал әнші Димаш Құдайберген қатысуымен іс-шара ұйымдастырады. ОРРО компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы — смартфондар жөніндегі бас  маман Freedom Mobile болып табылады.

Іс-шара нарыққа ОРРО-ның жаңа флагманы Reno8 T Series смартфонының шығуына орай ұйымдастырылды. Кез келген жан Freedom Mobile-дың Қазақстанда орналасқан 126 дүкенінің бірінен OPPO Reno8 T немесе OPPO Reno8 T 5G сериялы смартфондарын сатып ала алады. Сондай-ақ, сатып алушыларға ыңғайлы болуы үшін 24 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Мерекелік шара бағдарламасында келген қонақтар үшін жүлде ұтып алуға болатын байқаулар қарастырылған. Мәселен, жүлделердің арасында  ОРРО-ның белгілі қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцовпен бірлескен еңбегінің нәтижесінде жасалған сәнді аксессуарлармен бірге гифтбокстар сыйға беріледі. Сондай-ақ арнайы фотоаймақта белсенділіктер,  Димаштың жанкүйерлерінің нетворкингі ұйымдастырылады, ал шара хэдлайнері Ұлытау тобы өнер көрсетеді.

Ал қонақтарды көктемнің шуақты Наурыз мейрамымен Димаш Құдайбергеннің өзі құттықтайды. Кеш соңынла OPPO-ның Reno8 T Series смартфонын кеңінен таныстыру мақсатында Димаштың қатысуымен түсірілген минифильмнің тұсаукесері өтеді.