Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен елімізде жасөспірім қыздарға арналған подкаст іске қосылды
YouTube желісінде Aisholpan халықаралық мәдени-ағарту жобасы аясында жасөспірім қыздарға арналған «PODCAST AISHOLPAN: the power of inspiration» атты танымдық подкасттар сериясы басталды. Жобаның миссиясы «Үздік үлгілерді көрсетіп, шабыттандыра отырып», жеткіншектердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, бала кезден әйелдер көшбасшылығын арттыруға, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамытуға және гуманизм, толеранттылық және экологиялық идеясын ілгерілетуге бағытталған.
Podcast Aisholpan бірнеше жыл бұрын Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен іске қосылған және биыл медиа-форматқа ауысқан білім беру жобасының жалғасы болып табылады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, білім жеке тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
«Гендерлік теңдік — Еуропалық Одақтың негізгі құндылықтарының бірі. Aisholpan жобасын қолдай отырып, біз қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың көшбасшылық қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға үлес қоспақпыз. Планета халқының жартысын әйелдер мен қыздар құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең. Біздің ғаламшарымыздың болашағы бәрімізге байланысты», — деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутиус Янкаускас.
Әлем бойынша білім ІТ технологиялардың, нейрожелілердің және мета әлемінің дамуы аясында трансформациялануда. Биыл Innovating Pedagogy баяндамасында ұсынылған трендтердің көпшілігі инновацияларға және оқу процесінде оларды дәстүрлі форматтармен үйлестіруге баса назар аударылған.
Жобаға бастамашы болғандар мен оны ұйымдастырушылар, продюсерлер мен журналистер Махаббат Есен мен Сабина Абатова Aisholpan подкастының маңыздылығы мен өзектілігін бағалап, подкаст жасау педагогикалық саладағы әлемдік үрдістерге сәйкес келетіндігін атап өтті.
Подкасттар, оқыту технологиясы ретінде білім беру ортасында барған сайын белсенді қолданылып келеді және бұл форма оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және білім деңгейін арттыруға мүмкіндік бере отырып, олардың қатысуына ықпал етеді. Біздің жоба қыздардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуды қолдауға, олардың өзін-өзі бағалауын нығайтуға, сондай-ақ ақпараттық және мотивациялық подкасттар арқылы білім беру мен өзін-өзі дамытуға шабыт беруге негізделген — дейді ұйымдастырушылар.
Жобаның жүргізушісі — жас журналист, подкастер, актриса және модель Аружан Хафиз, ал бағдарламаның алғашқы қонақтары — «Халықаралық Бағдарламалар Орталығы» АҚ басқарма төрағасы, халықаралық білім беру саласындағы сарапшы Әлия Оспанова және Қазақстанның ұлттық әйелдер хоккей құрамасының форварды, қазіргі уақытта Швейцарияның әйелдер лигасында ойнап жүрген және еліміздегі алғашқы әйелдер хоккей академиясының негізін қалаушы — Бұлбұл Қартанбай.
Жаңа шығарылымдарда жасөспірім қыздар ЕО-ның Қазақстандағы елшілері мен Еуропаның ірі гранттық бағдарламаларының басшыларынан көптеген қызықты ақпарат ала алады.