Ғалымдар тез ұйықтаудың қарапайым әдісін ашты
Таңға дейін ұйықтамай дөңбекшіп, таңертең шаршап тұрып, аз да болса сергу үшін күні бойы кофе ішу көпшілікке таныс жағдай. Кейбір адамдар ұйқысыздықтан зардап шегеді. Ұйқының нашарлығы жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті, семіздік және қатерлі ісік қаупін арттырады.
Ұйқысыздықтың себебі – денедегі елеулі кінәрат емес, шамадан тыс алаңдаушылық, олай болса, сіз Берклидегі Америка университетінің неврология профессоры ұсынған қарапайым әдісті қолдану арқылы мәселені шеше аласыз.
– «Өзіңіз жақсы білетін саяхатты ойлап көріңіз. Оны жағымды нәрсемен байланыстыру керек. Ол серуендеуге баратын саябақтағы жол немесе жазда барған жағаға, бала кезіңізде жүгірген жерлер болуы мүмкін. Терең тыныс алыңыз және өзіңізге жағымды, таныс жерде жүргеніңізді елестетіңіз», – дейді Мэттью Уокер.
Визуализация кезінде сіз детальдарға мұқият назар аударуыңыз керек – өзіңіз есікті ашып, баспалдақпен түсіп бара жатқаныңызды және т.б. елестетіңіз деп қосады сарапшы. Оның айтуынша, ақыл-ой серуені адамды тыныштандырып, тез ұйықтауға мүмкіндік береді.
Профессор Zoe Science & Nutrition подкастында тез ұйықтау жолын сипаттады.
Ойша серуендеу тез ұйықтап кетудің тамаша әдісі.
Бұрын серуендегеніңізді еске түсіріңіз. Егер ол миға белгілі болса, біздің қиялымызға жолды ойша қайталау әлдеқайда оңай.
Маршрутты еске түсіріп, елестетуді бастамас бұрын, алдымен тынышталыңыз, терең тыныс алыңыз, қозғалмаңыз.
Сезімдеріңізге назар аударыңыз
Психикалық серуен кезіндегі сезімдерге ерекше назар аударыңыз – оның иісі қандай, денеңізде қандай сезімдер бар, ыстық па, суық па, қандай дыбыстарды естисіз?
«Мәліметтерге үңілу өте маңызды. Мысалы, жағажайда серуендеу болса, толқындардың дыбысын немесе теңіз иісін есте сақтаңыз. Осылайша сіз миыңызды жағымды тәжірибені қайта өткізуге мәжбүрлейсіз», – деп түсіндіреді профессор.
Аталмыш әдісті денсаулық сарапшысы, тренер Джоанна Шурети де құптайды.
«Психикалық серуен медитацияның бір түрі сияқты. Біздің миымыз ләззат гормондарын шығарғанда, ол ненің шын, ненің елес екенін ажыратпайды. Мұндай ақыл-ой серуенінде сезілетін тыныштық шынайы серуен кезіндегідей болады», – дейді сарапшы Джоанна Шурети.
Біз ұйықтай алмасақ, бұл дененің ұйықтауға дайын болмағанын білдіреді.
«Сондықтан шартты түрде қауіпсіз, тыныш жерде болу өте тиімді әдіс. Бұл алаңдаушылықты басып, демалуға көмектеседі», – дейді Шурети.
aikyn.kz