Glovo компаниясы Алматы қаласының полициясымен, Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасымен және Кәсіпкерлер палатасымен ортақтасып, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Glovo компаниясы Алматы қаласының полициясымен, Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасымен және Кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып, қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының қаупін төмендету мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
10.10.2023 Енді Glovo полициядан курьерлер тарабынан жасалып, тіркелген бұзушылықтар туралы ақпарат алып отырады және осы деректер негізінде жолдардағы ЖКО-ның алдын алу бойынша шаралар қолданатын болады.
Компания өзінің бастамалауымен мемлекеттік органдармен бірге қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз ету бойынша өзара әрекеттесу жоспарларын әзірлеу мен жүзеге асыру, бірлескен семинарларды, дөңгелек үстелдерді және басқа да шараларды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына қатысады, сонымен қатар компания «Қазақстан Республикасының Жол жүрісі туралы» заңын түсіндіру және орындау бойынша әдістемелік көмек көрсететін мониторинг тобына кіретін болады.
«Glovo әрқашан өзі қызмет ететін қалалар мен елдердегі жол көліктерінің қауіпсіз экожүйесін құруды бастамалап отырады. Біз осы мәселеге қатысты билік органдарымен тығыз жұмыс істейміз. 2022 жылдан бері курьерлерге арналған жол қауіпсіздігі және дәрігерге дейін жәрдем беру бойынша оқыту бағдарламасы іске қосылды, мотоциклердермен жеткізетін курьерлерге арналған арнайы жаңалықтар арнасы арқылы жол жүрісі ережелері туралы ақпаратпен ұдайы бөлісіп отырамыз. Бұл бастамалар Glovo платформасымен жұмыс істейтін курьерлерді жол жүрісі ережелерін сақтауға ынталандыруға бағытталған», — деп мәлімдеді компания.