HONOR әлемдегі ең бірінші сәнді аксессуар «смартфон-клатчпен» таныстырды
HONOR ғаламдық технологиялық бренді IFA 2023 көрмесінде смартфон-клатчты ұсынды. HONOR V Purse – электронды құрылғыларды сәнді аксессуарлар ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін «смартфон-клатчтың» жаңа тұжырымдамасы.
Бұл сыртқы түрі сөмке тәрізді және адамның қозғалысы мен ырғағына бейімделетін анимациясы бар, арнайы бапталатын әрқашан қосулы дисплей (AOD) қойылғыларының арқасында мүмкін болды. HONOR V Purse концептінде топсаға бекітілетін және смартфонды кәдімгі әмиян немесе болашақтың клатчы сияқты иығыңызға асып жүруге мүмкіндік беретін ауыстырылатын белдікшелер және баулар қолданылады.
HONOR-дың Бас атқарушы директоры Джордж Чжао тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, әзірленген HONOR V Purse клатчының HONOR-дың қоршаған ортаға деген бейілділігін көрсететінін атап өтті:
«Бұл сәнді девайс – уақытқа қарамайтын дизайнның, асыл металдардың және озық технологияның тамаша үйлесімі. Бір қарағанда ол декоративті сөмке сияқты көрінеді, бірақ мұқият қарасаңыз, камераның асыл тастарға ұқсас үштік шеңберін көресіз. Бұл ақылды әмиян, оны аксессуар ретінде алып, мерекелік кештің сәнін келтіргіңіз келсе немесе іскерлік жұмыс кездесуіне барғыңыз келсе – HONOR V Purse-тің сыртқы көрінісін бір-екі рет түртіп, қалаған жағдайға баптауға болады»
Халықаралық дизайн сыйлығы HONOR Talents аясында, компания әрқашан қосулы тұратын экран үшін бірегей қойылғылар сериясын әзірлеу үшін BURBERRY ерлер желісінің креативті директоры Брам Ван Дипенмен, заманауи суретші Юнуэна Эспарзумен, Қытай өнер академиясының профессоры Юан Юминмен және суретші Ван Сяохуймен ынтымақтасты.
Бағдарламаның келесі кезеңінде смартфон сенсорларына, соның ішінде гироскоп пен жарықтандыру бергішіне қолжетімділігі бар API интерфейсін ашу арқылы HONOR әлемнің әр түкпіріндегі жаңа бастап жүрген суретшілерге дизайн мен мода әлеміндегі соңғы тенденцияларды көрсететін өз жобаларын жасауды ұсынады.
Экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескеріп, әзірленген HONOR V Purse HONOR компаниясының қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге деген ұмтылысын көрсетеді. Белдікшелер дайындау үшін экологиялық таза материалдар пайдаланылады, ал сыртқы экран қойылғыларын кез келген киімге сәйкестендіріп, шексіз баптауға болады. Мода индустриясы физикалық әлемнен сандық кеңістікке көшкен сайын, технологиялар стиль мен өз болмысын көрсетудің соңғы трендтерін жүзеге асыру үшін шексіз мүмкіндіктер ашуда. Осылайша, HONOR V Purse қоршаған ортаға зиян тигізгісі келмейтін аудиторияға жылдам мода тауарларын тұтынуды қысқартуға көмектеседі және оларды аз сатып алуға, бірақ ұзағырақ пайдалануға шақырады.