Көкшетаудағы мамандардырылған ХҚКО қызметкерлері 100-ден астам автокөлікті заңсыз тіркеген

ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеу бойынша қылмыстық қызметті жүзеге асырған адамдар тобы, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері әшкереленді.
Тергеу барысында ҚМА аумақтық департаменті Көкшетау қаласының ХҚКО мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу үшін алым төлеу туралы жалған төлем құжаттарын беру фактілерін анықтады.
Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.