Инвестициялық форум және Қазақстандағы құқық үстемдігі жөніндегі USAID бағдарламасының қорытынды шарасын өтті
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) бірлескен Инвестициялық форум және Қазақстандағы құқық үстемдігі жөніндегі USAID бағдарламасының қорытынды шарасын өткізді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиев пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниель Розенблюм бастаған іс-шара Қазақстанның инвестициялық заңнамасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды зерделеуге және Америкалық Заңгерлер Қауымдастығы (ABA ROLI) жүзеге асыратын Қазақстандағы құқықтың үстемдігі жөніндегі USAID бағдарламасы қолдайтын маңызды жетістіктерді жариялауға бағытталған. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі жанындағы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып отыр.
Жоғарғы Сот Төрағасы инвесторларды тарту және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін әкімшілік әділет және инвестициялық соттылық саласындағы реформалардың қажеттілігін атап өтіп, Инвестициялық форумды ашты. Қазақстандағы үкіметі, сот органдары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, инвесторлар, жергілікті және халықаралық сарапшыларсияқты 50-ден астам адам Инвестициялық форум жұмысына белсенді қатысты. Инвестициялық юрисдикция, салық салу мәселелері, сондай-ақ, Қазақстанның қатысуымен халықаралық арбитраждағы инвестициялық даулар талқыланды. Форум инвесторларға өз мәселелерімен бөлісуге, кері байланыс алуға және инвестициялық дауларды шешуді жақсарту үшін ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік берді.
«Инвестициялық форум аясында қатысушылар инвестициялық ахуалға байланысты бірқатар мәселелерді қарастырды. ”Aмерикалық заңгерлер қауымдастығы ұйымдастырған бүгінгі Инвестициялық форум АҚШ пен Қазақстанның құқық үстемдігін қолдау саласындағы ұзақ мерзімді және берік әріптестігінің тағы бір мысалы болып табылады, өйткені бұл экономикалық саясатқа, шетелдік инвестицияларға және іскерлік ахуалға қатысты. Б форумныңкелесі жылы да жалғасатынықуантады, форум шетелдік инвесторларға маңызды мәселелерді талқылай алатын тұрақты алаң ұсынады. Біз сондай-ақ, соңғы төрт жылда инвестицияларды қорғау мақсатында құқықтық ортаны жақсартуға және Қазақстанның сот билігінің кәсіби дамуы мен тәуелсіздігін нығайтуға көмектескен Қазақстандағы құқықтық үстемдік жөніндегі USAID бағдарламасының аяқталғанын атап өтеміз. Біз Бағдарламаның іс-шараларына қатысқан барлық мамандарға алғысымызды айтамыз,” — деді АҚШ Елшісі Розенблюм.
Қорытынды сессияда Қазақстандағы ABA ROLI өкілдері мен сарапшылар Жоғарғы Соттың арбитражды және салық даулары бойынша бірнеше нормативтік қаулыларын қабылдауды қоса алғанда, бағдарламаның негізгі жетістіктері туралы айтып берді. Сот жүйесінің, мемлекеттік органдардың және инвесторлардың өкілдері USAID және ABA ROLI-дің инвестициялық құқықтық ахуалды жақсартуға, сот жүйесінің кәсібилігі мен тәуелсіздігін арттыруға қосқан елеулі үлесін жоғары бағалады. Мемлекеттік органдармен сот дауларында инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін тиімді заңнаманы әзірлей отырып және инвестициялық дауларды шешу процесін жетілдіре отырып, USAID Қазақстанның инвестициялық ахуалының тұрақты және сенімді болуына белсенді түрде көмектеседі.