Кәсіподақ басшылары Kaz Minerals кәсіпорнына келді
«КәсіпҚорған» ҚБ және «Qazaqmetal Kásipodaǵy» ҚБ кәсіподақ ұйымдарының басшылары KAZ Minerals Тобының Павлодар облысындағы Бозшакөл тау-кен байыту кешеніне барды.
Уәлихан Нұржанов пен Асылбек Нұралин Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндіріп, өңдейтін ірі кәсіпорындардың біріндегі негізгі технологиялық процестермен, сондай-ақ еңбек және тұрмыстық жағдайлармен, бос уақыт өткізуге арналған орындармен танысты.
Экскурсия барысында қонақтар вахталық қалашықты, оның ішінде жыл бойы шынығуға арналған спорт кешенін, медициналық пункті, демалыс орталығын, сондай-ақ жатын бөлмелерді аралады.
Кездесуде қоғамдық бірлестіктер мен Топ басшылары әлеуметтік әріптестіктің негізгі жәйттерін және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кәсіподақ басшыларына қызметкерлерді қолдау шаралары, оқыту және дамыту бағдарламалары туралы айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар әлеуметтік әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық – бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заманауи қазақстандық қоғамды құру саласында жүктеген міндеттерді табысты орындаудың кепілі екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта KAZ Minerals Тобы қызметкерлерінің саны 14000 адамнан асады, олардың басым бөлігі кәсіподақ ұйымдарына мүше.
Топ компаниялары қызметкерлер мен жұмыс берушінің мүдделерінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік, еңбек және басқа да қатынастарды реттеудің жоғары стандарттарын ұстанады.
«Біз өндірісте ең озық технологияларды қолданамыз. Бірақ кәсіпорын – бұл тек технологиялар мен механизмдер ғана емес. Бұл — адамдар.
Біз ұжыммен ұзақ мерзімді сындарлы қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсінеміз. Біздің міндетіміз – адамдарды лайықты еңбек жағдайларымен және бәсекеге қабілетті еңбекақымен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар оларға сенімді ортада кәсіби даму үшін жағдай жасау. Мұндай кездесулер барлық тараптар үшін өте пайдалы. Бұл жұмыс берушінің де, біздің қызметкерлердің де мүдделеріне сәйкес келеді», — деді KAZ Minerals Management басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.