«Касперский зертханасы» құпия сөздерді құру және сақтау ережелерін еске салады
Жыл басында көптеген адамдар дәстүрлі түрде өздеріне уәде беріп, жаңа мақсаттар қояды. Маңызды пайдалы әдеттердің бірі — құпия сөздерді жасау мен сақтауға мұқият болу. Бұл ақшаны немесе жеке деректерді жоғалту қаупін айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Киберқауіпсіздік сарапшылары құпия сөздерді қалай дұрыс жасау және сақтау керектігін еске салады:
Қарабайыр құпия қауіпсіздікпен қамтымайды. «1234» және «әкімші» сияқты қарапайым құпия сөз тіркестерін қолданбаңыз және оларға жеке ақпаратты — аты-жөніңізді, туған күніңізді қоспаңыз. Зиянкестер ықтимал қисындастыруларды таңдау арқылы тіркеулік жазбасына кіруді таңдай алады және мұндай құпия сөздер олардың тізімінде бірінші болады. Жеке деректерді қорғау үшін кем дегенде 12 таңбадан тұратын күрделі қисындастыруларды қолданған дұрыс: әртүрлі арнайы таңбалар, сандар, кіші әріптер және бас әріптер.
Бірегей болыңыз. Жеке құпия сөзді жасау жүйесін ойлап табыңыз, мысалы, тек қана сізге түсінікті ассоциацияларды қолдану. Алгоритм келесідей болуы мүмкін: алдымен сіз үшін маңызды оқиғаларға, орындарға және адамдарға қатысты бірнеше сөздерді немесе сөз тіркестерін таңдаңыз. Содан кейін олардан құпия сөзді қиыстырыңыз, ол бір жағынан сіз үшін есте сақтауға оңай (мысалы, әр сөздің бірінші әріптерін алуға болады), екінші жағынан, бөгде адамдарға болжауға қиын болуы тиіс. Бұл реттіліктің тек сіз үшін мағынасы түсінікті болғаны абзал және «Мен сені сүйемін» сияқты жалпыға белгілі сөз тіркестерінің болмауы маңызды.
Эмоция ықпалдасады. Леп немесе сұрақ белгілері, жұлдызшалар мен торлар сияқты таңбалардың орнына эмодзи сияқты ерекше таңбаларды қосыңыз. Сезім мен көңіл-күйге қатыстының барлығын бейтаныс адамға болжау әлдеқайда қиын.
Құпия сөз көптік етпейді. Әр тіркеулік жазба үшін бірегей құпия сөздерді ойлап табыңыз. Әр түрлі ресурстарға арналған әріптер, сандар мен таңбалардың тіркесімі әр түрлі болуы керек. Бұл жағдайда, егер бір тіркеулік жазба бұзылса да, басқалары қауіпсіз болып қалады. Сонымен қатар, ассоциативті әдіс жақсы көмек бола алады, өйткені ол тек оларды жасаушыға таныс және түсінікті деректермен байланысты құпия сөздер сериясын құруға кең мүмкіндіктер ашады.
Техникалық құралдарды қолданыңыз. Бірнеше тіркеулік жазбалар үшін күрделі және ерекше құпия сөздерді ойлап табу шынымен қиын болуы мүмкін. Бұл тапсырманы жеңілдету үшін Kaspersky Password Manager сияқты арнайы құпия сөз менеджерін пайдалануға болады. Мұндай қосымшалар күшті құпия сөзді жасап қана қоймай, оларды қауіпсіз сақтауға да көмектеседі — содан кейін құпия ақпарат, соның ішінде медициналық және қаржылық мәліметтер зиянкестерден жақсы қорғалатын болады.