Қазақстан қолданушылары майнер-бағдарламалардың шабуылына ұшыраған алғашқы үштікке кірді
2023 жылы Қазақстан әлем бойынша қолданушылары үлесі жағынан майнер-программаларының шабуылына 3 орыннан табылды. Бұл иесінен жасырын түрде бөгде құрылғылардың есептеу ресурстарын қолданатын бағдарлама, мысалы жасырын түрде өз қожайындарына криптовалюта жасайды.
Зиянкес майнерлер әртүрлі тәсілмен, оның ішінде қарақшылық контент пен жүйе осалдықтары арқылы таралады. Сонымен xmrig тәрізді майнер-бағдарламаларын тарату үшін зиянкестер SQl-серверіндегі postgreSQL осалдықтарын жиі пайдаланады. Сондай-ақ, олар лицензиясыз бағдарламалық жасақтамаларды да қолданады, мысалы орнатушылар арқылы nheqminer мен equihash сияқты майнерлерді таратады. Кейбір жағдайларда зиянкестер осындай зиянды майнерлермен байланыстырып басқа да зиянды бағдарламалық әзірлемелерді таратады, мысалы стиллерлер, яғни деректерді ұрлауға арналған бағдарламалар.
Наиболее часто пользователи Казахстана сталкивались в 2023 году с заражениями майнерами Trojan.Win32.Miner.ays, Trojan.Win64.Miner.all и Worm.NSIS.BitMin.d. Эти зловреды распространяются в том числе как черви, заражая подключённые USB-накопители.
Қазақстандағы қолданушылар 2023 жылы Trojan.Win32.Miner.ays, Trojan.Win64.Miner.all және Worm.NSIS.BitMin.d сынды зиянды майнерлерге жиі тап болды. Бұл зиянды бағдарламалар қосылып тұрған USB-дискілерге жұғып, құрттар сияқты таралады.
«Зиянкес майнерлер ақша мен деректерді тікелей ұрламайды, бірақ гаджеттердің жұмыс мерзімін кәдімгідей қысқарта отырып, құрылғы қолданушыларының өмірін де айтарлықтай бүлдіреді. Құрылғыны осындай зиянкестерден қорғау үшін біз сенімді қорғаныс шешімін орнатуды және параметрлерді зиянды бағдарарламалардан ғана емес, сонымен қатар әлеуетті қауіпті бағдарламалардан бұғаттайтындай етіп конфигурациялауды, сондай-ақ бағдарламалық әзірлемені уақтылы жаңартуды және бағдарламаларды, музыка мен фильмдерді тек ресми қосымшалар дүкендерінен жүктеуді ұсынамыз», – дейді «Касперский зертханасының» Орталық Азиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
* Деректер Қазақстандағы«Касперский зертханасының» 2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейінгі анонимді іске қосылған шешімдер статистикасы негізінде алынды.