Air Astana Алматыдағы TRIP ICAO аймақтық симпозиумында марапатқа ие болды

Air Astana әуекомпаниясы бүгін Алматыда аяқталған Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының симпозиумында API/PNR рөлінің маңызын арттыратын процестерді енгізуге қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.

Air Astana әуекомпаниясының жерүсті қызметін дамыту жөніндегі менеджері Данияр Құрманалин симпозиумда сөйлеген сөзінде: «Әуекомпаниялар мен мемлекеттердің API/PNR* халықаралық стандарттарын бейімдеудегі ынтымақтастығы алдын ала ақпараттандыру жүйелерін енгізуді жеңілдетеді, авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттырады және әуежайлардағы формальдылықтың төмендеуіне байланысты жолаушыларға неғұрлым қолайлы саяхат ұсынады», — деп атап өтті.

Сала сарапшыларының негізгі бағыты жолаушыларды сәйкестендірудің заманауи тәсілдеріне, сондай-ақ технологиялар мен инновациялар арқылы жолаушылардың мобильділік деңгейін арттыруға бағытталған.

Air Astana Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған осындай ауқымды іс-шараны өткізуге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.