Қазақстан СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығының дамуы талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Моника Иверсенмен кездесу өткізді.
Сұхбаттастар қазақ-неміс ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, алдағы іс-шаралар кестесін келісті.
Тараптар мазмұнды саяси диалогты, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы белсенді байланыстарды жоғары бағалады.
Министрдің орынбасары өзара қызығушылық тудыратын мәселелер, оның ішінде білім, ғылым, индустриялық даму, агроөнеркәсіп және су ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Берлин арасындағы өзара іс-қимылдың көкжиегін екіжақты және көпжақты форматтарда кеңейтуге дайын екенін растады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі