Қазақстан Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшісі Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың мәселелері кеңінен талқыланды. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулерге дайындыққа баса назар аударылды.
Әңгімелесу барысында БАӘ Елшісі Әмірліктерде өтетін бірқатар халықаралық іс-шараларға шақыруларды табыстады.

