Қазақстанда HONOR Magic V2 ең жұқа жиналмалы смартфонының сатылымы басталды
Қазақстанда әлемдегі ең жұқа әрі жеңіл жиналмалы смартфоны HONOR Magic V2-нің сатылымы басталды[1]. Келесі буынның флагмандық жиналмалы смартфоны өзінің форм-факторы, аккумуляторы, дисплейі және қолданушы тәжірибесінің айтарлықтай жақсаруы арқасында сала стандарттарын сынауға дайын.
«Кеше ғана мүмкін емес көрінген жұқалығы мен аса жеңіл корпусы бар бұл талғампаз смартфон HONOR Magic V2-ні табыстауға ризамыз», — деді HONOR компаниясының Қазақстандағы аймақтық директоры Джонибек Вэй. «Жиналған түрінде классикалық смартфондардан еш айырмашылығы жоқ. HONOR Magic V2 пайдаланушыларға озық технологияларды бүгіннен бастап қолдануға мүмкіндік беретін абсолютті әмбебаптықты ұсынады»
Миллиметрмен өлшенетін ультра-жұқа дизайн
Портативтілікке ұмтылған HONOR компаниясы HONOR Magic V2 дизайнын, өндіріс үрдісін және материалды таңдауды мұқият қарастырды. Салмағы небәрі 231 грамм[2] және бүктелген кезде қалыңдығы 9,9 мм[3] — бұл жиналмалы құрылғылар үшін жаңа стандарттарды белгілейді.
Magic V2 жоғары құрылымдық беріктігін қамтамасыз ететін ультра жеңіл титан топсасымен жабдықталған. Сонымен қатар, HONOR Magic V2-нің негізгі корпусы үшін қосымша беріктікке кепілдік беретін жаңа HONOR меншікті болаты арнайы әзірленді. Осы инновациялардың арқасында HONOR Magic V2 әлемге әйгілі SGS компаниясының беріктік сертификатын алды — 400 мыңнан астам бүктеме немесе күніне 100 рет бүктелгенде он жылға дейін қызмет ету мерзімі.
Инновациялық кремний-көміртекті аккумулятор
HONOR Magic V2 орташа қалыңдығы небәрі 2,72 мм болатын қос кремний-көміртекті батареяларды ұсынады. Инновациялық аккумуляторда жоғары қуат шығаруға арналған HONOR-дың революциялық төмен вольтты энергия жинау технологиясы бар — 5000 мАс[4] батарея сыйымдылығы және 66 Вт HONOR SuperCharge-ды қолдауы пайдаланушыларға қайта зарядтаусыз үнемі байланыста болуға мүмкіндік береді.
HONOR фирмалық экрандары
HONOR Magic V2 пайдаланушының жайлылығын жақсартуға бағытталған технологияларды қамтиды. Жаңа флагманда ерекше түс дәлдігі бар әсерлі жиналмалы OLED дисплейі бар. Табиғи жарықтың қарқынын бақылайтын динамикалық жарықтылықты реттеу мүмкіндігі, бұл көздің шаршауын азайтуға көмектеседі. Дисплейдің жарықтық деңгейі қоршаған ортаның жарық жағдайларына және құрылғыны пайдалану уақытына автоматты түрде бейімделеді, бұл пайдаланушының көзіне оңтайлы жайлылық береді.
Оған қоса, Circadian Night Display функциясы экранды жылы түстерге түрлендіреді, ұйықтар алдында құрылғыны пайдаланған жағдайда мелатонин деңгейін жоғарылатады. Бұл пайдаланушыға тезірек ұйықтауға көмектеседі және ұйқының сапасы мен ұзақтығын жақсартады.
Жаңартылған камера мүмкіндіктері
HONOR Magic V2 50 Мп негізгі камера, 50 Мп ультра кең бұрышты камера және 20 Мп телеобьективті қамтитын үштік камераны ұсынады. Бұл жарыққа сезімталдықтың жоғары көрсеткіштері арқылы сапалы фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді. Алдыңғы қос камера әр түрлі түсіру режимдерін қолдайды және фотосуреттер мен бейне контент жасауды жеңілдетеді.
Операциялық жүйенің қауіпсіздігі
HONOR Magic V2 Android 13 негізіндегі MagicOS 7.2 жүйесінде жұмыс істейді, ол көп функциялы пайдаланушы тәжірибесін ұсынады. Пайдаланушылардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін HONOR Magic V2 жұмыс үшін қажет қосымшаларды жеке қосымшалардан бөлуге мүмкіндік беретін жаңа параллель кеңістік мүмкіндігін ұсынады.
Кепілдік артықшылықтары
Зақымдалған жағдайда сатып алғаннан кейін 3 ай ішінде экранды тегін ауыстыруға болады. Бұл акциямен 14.02.2024 мен 25.03.2024 аралығында смартфон сатып алған клиенттер пайдалана алады. Фискалдық чек бар болса, сатып алғаннан кейін екі жыл ішінде 2 ішкі экран таспасын және 6 сыртқы экран таспасын тегін ауыстыруға болады. Сонымен қатар, жөндеу кезінде клиентке уақытша смартфон беріледі. Ол үшін қызмет көрсету орталығына пайдаланушы өзі келу қажет.
Түстер, баға және қол жетімділік
HONOR Magic V2 екі талғампаз түсте қол жетімді: «қара былғары» және «күлгін». 14 ақпаннан бастап HONOR Magic V2 телефонын 512 ГБ нұсқасын 999 990 теңгеге сатып алуға болады.
[1] Бәсекелестермен салыстыруға негізделген деректер.
[2] HONOR зертханасының мәліметі бойынша. Ең жұқа конфигурацияның салмағы көрсетілген. Жалпы салмаққа батарея кіреді. Нақты салмақ өнімнің конфигурациясына, өндіріс процестеріне және өлшеу әдістеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
[3] HONOR зертханасының мәліметі бойынша. Ең жұқа конфигурацияның қалыңдығы көрсетілген, есептеу камераның шығуын және экрандағы пленканы есепке алмайды. Нақты қалыңдық өнімнің конфигурациясына, өндіріс процестеріне және өлшеу әдістеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
[4] HONOR зертханасының мәліметі бойынша. Батареяның әдеттегі сыйымдылығы 5000 мАс, номиналды сыйымдылығы 4900 мАс.