Қазақстанда “КИБЕР ТҰМАР” – балаларды цифрлық ортада қорғайық атты ақпараттық-білім беру науқаны басталды

КИБЕР ТҰМАР” ақпараттық-білім беру науқаны Халықаралық қауіпсіз интернет күні басталды. Бүгінгі күнгі жаһандық мақсат – цифрлық технологияларды әсіресе ең жас пайдаланушылар — балалар мен жасөспірімдердің жауапкершілікпен, қауіпсіз және нәтижелі пайдалануына назар аударту.

КИБЕР ТҰМАР – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, ЮНИСЕФ Қазақстан және Еуропа Одағының қолдауымен құрылған Қазақстандағы ақпараттық-білім беру науқаны. Peremena.media — “КИБЕР ТҰМАР” ақпараттық науқанының медиалық серіктесі.

“КИБЕР ТҰМАР” міндеті – балаларға интернетте қауіпсіз пайдаланушылық тәжірибені қалыптастыруға және мұндай мүмкін тәуекелдерді еңсеруге үйрету.

КИБЕР ТҰМАР” – киберкеңістікте қауіпсіз бағыт-бағдар тауып отыруға көмектесетін ақпараттық құралдар жиыны. Оған осы мәселеге назар аудартуға арналған әлеуметтік плакаттар, түрлі қауіп-қатерлер кезіндегі базалық алгоритмдерді қамтыған ақпараттық плакаттар, сарапшылардың практикалық кеңестері берілген материалдар, білім беру роликтері және т.б. кіреді.

Насымжан Оспанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрайымы былай деп атап кетті: “Интернет – бұл қазіргі кезде тек ақпарат құралы ғана емес, сонымен бірге коммуникация құралы болып табылады. Сол себептен адамды мұндай ақпарат және коммуникация құралдарының әлеуетті мүмкіндіктерін барынша саналы, пайдамен және зияны тимейтіндей етіп қалай қолдану керектігін жас кезінен үйрету керек. «КИБЕР ТҰМАР» ақпараттық-білім беру науқанын өткізу — балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, ата-ананың баланың онлайн ортада ақпаратты таңдауға деген «иммунитетін» қалыптастыру бойынша жауапкершілігін күшейтуге көмектесетін маңызды және заманауи шара болып табылады.”

Кестутис Янкаускас, Еуропа Одағының Қазақстандағы Елшісі: «Интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды және, әлбетте, балаларымыз үшін одан да маңызды элементке айналмақ. Ата-ана ретінде біз балаларымыздың түрлі салаларда – мектепте, көшеде, және әлбетте, Интернет әлемінде қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыруға тырысамыз. Біз шарамыздың ата-аналардың да, балалардың да хабардар болу деңгейін арттыруға көмектесетініне сенеміз. Бірлескен әрекеттерімізбен біз барлық балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы онлайн-кеңістік құра аламыз».

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің м.а. Летисия Баззи-Вейл былай деп атап өтті: “Біз “КИБЕР ТҰМАР”-дың қазақстандық балаларды желідегі қауіп-қатерлерден қорғау символына айналатынына сенеміз. Әр бала өзінің нақты қадамдарымен бірге алғашқы виртуалды қадамдарын жасайды. Және оған цифрлық кеңістікте қауіпсіз өсуге көмектесетін қорғанысты неғүрлым ерте бастан берген өте маңызды. КИБЕР ТҰМАР балаларды интернеттегі жағымсыз байланыстан, контенттен және іс-әрекеттен жақсырақ қорғауға ықпал етеді. Балаларымыздың өз КИБЕР ТҰМАРЫ болса, онлайн тілдесу, ойындар, оқу олардың мүмкіндіктерін кеңейте алады”.

Аталған шара фокусталатын негізгі онлайн қауіп-қатерлер: кибербуллинг, балалардың интернетте сексуалды сипаттағы қудалануы, балаларға арналған қаламайтын және тыйым салынған контент, балалар қауіпсіздігі мен құпиялылығының цифрлық тәуекелдері, балалар интернет-тәуелділігі және т.б. Тақырыптық әлеуметтік плакаттардың топтамасы заманауи қоғам үшін маңызды шараға бастау болды. Бұл бәрімізге балалардың қандай онлайн қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін екенін және олармен қалай күресуге болатынын көрсететін алғашқы плакаттар.