Қазақстанда үшінші биржа пайда болды

Оны Санкт-Петербург биржасының платформалық технологиясын пайдаланып, Freedom Holding басшысы Тимур Турлов ашып отыр.

Жаңа биржа ITS деп аталады және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында жұмыс істейді. АХҚО-ның өзінің халықаралық AIX биржасы бар екенін ескерсек, онда бір орталықта екі биржа болмақ. Бірақ ITS толығымен электронды биржа.

Қазақстанда инвесторлар саны жыл сайын артып келеді, финтех және цифрлық экожүйелер белсенді түрде дами бастады. Инвесторлар тарапынан шетелдік қағаздарды осында отырып сатып алуға және сатуға деген үлкен сұраныс бар. Сарапшылар ITS-ті классикалық биржа деп танудан бас тартты. Себебі, онда IPO өткізе алмайсыз. ITS тек қайталама нарық, онда қолдан сатылатын акциялар саудаланады.

Тегтербиржа