Қазақстанда жүкті велосипедтермен жеткізу қызметі сынақтан өткізіле бастады

Жоба Қазақстан-Неміс университетімен бірлесіп жүзеге асырылуда

Көлік және қалалық қызмет көрсетуге арналған жаһандық inDrive платформасы inDrive.Жүк тасымалы (жүк тасымалдау) қызметін дамыту аясында электрлік жүк велосипедтердің көмегімен жеткізуді тестілеуді бастады. Сынақ Алматыда өтіп жатыр және бірнеше айға созылады. Сынақтар сәтті өткен жағдайда inDrive компаниясы «жасыл» (қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау) стратегиясына сәйкес келетін электрлік велосипедтермен жеткізуді іске қосу мүмкіндігін қарастыруда.

Германияда жасалған Vowag велосипедтері қазір дамыған елдерде белсенді түрде қолданылады. Экологиялық тазалығына қоса (атмосфераға зиянды заттар шығармайды), олар айтарлықтай тиімді – үлкен сыйымдылыққа ие және 300 кг пайдалы жүкті тасымалдай алады.

Сонымен қатар электрлік велосипедтердің басқа да артықшылықтары – олардың жылдамдығы (сағ. 35 км-ге дейін) және маневрлілігі. Бұл көлік қозғалысының тығыздығы мен қалалық жолдардағы кептелістер жағдайында әсіресе маңызды.

Сынақтың алдын ала нәтижелері Алматыда қаласындағы жүк велосипедтерін пайдаланудың ерекшеліктерін анықтап берді. Мысалы, қала көліктің бұл түріне жеткілікті бейімделмеген: велосипед жолдары көп жерде жоқ, биік жиектастар қосымша кедергілер тудырады, кейде жол қозғалысының басқа қатысушыларының тарапынан түсініксіз (тіпті теріс) көзқарас. Дегенмен, inDrive мұндай жобалардың артықшылығы олардың қала инфрақұрылымы мен қала құрылысы шешімдеріне оң әсер ететіндігіне сенімді.

Артем Селян, inDrive.Жүк тасымалы сервисінің бизнесті дамыту жөніндегі менеджері: «Бүгінгі таңда халықаралық жүк тасымалы саласының дамығаны сонша, инновацияны ойлап табу қиын. Бәсекелестік көбіне жеткізу жылдамдығы мен сапасының арақатынасы бойынша өтеді. Бірақ әлемдік нарықтағы ойыншылар өздерінің экологиялық тазалығы туралы ойлана бастағанымен, Қазақстанда бұл мәселе әлі де назардан тыс қалып жатқан сияқты. Біз бұл мәселеге айтарлықтай назар аударатын алғашқы ірі қызмет болуымыз мүмкін. Егер сынақ сәтті өтсе, біз Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде, мысалы, Қырғызстанда да толыққанды жүк велосипедін жеткізу қызметін іске қосуға дайын боламыз»