Қазақстандық журналист «Қытай мүмкіндіктері» деректі фильміне қатысты

Ағымдағы жылдың 25-29 қыркүйегінде Ханчжоу қаласында өткен Global Digital Trade Expo Жаһандық цифрлық сауда көрмесінің қорытындысына арналған «Цифрлық сауда көрмесіндегі Қытай мүмкіндіктері» (数贸会里的’机遇中国) деректі фильмі жарыққа шықты.

Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, журналист, PR маманы Ғазиза Ұзақ көрмеге алғаш рет қатысып, соңғы жасанды интеллект технологияларына, трансшекаралық электронды коммерцияға, смарт қалаларға және цифрлық ойын-сауыққа тәнті болды. Экспо көрмесінің құрметті қонағы атанған Қазақстан еліміздің цифрлық сауда және Қытаймен әріптестік саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетіп, деректі фильмде ұлттық павильонын таныстырды. Қазақстан Global Digital Trade Expo алаңында отандық тауарлар ұсынылды.

Qaztrade компаниясының өкілі Әбдірашид Үсенов:

«Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Біз ынтымақтастықты үнемі нығайтып келеміз және бүгінгі таңда Қазақстандағы ең ірі банк Kaspi Bank Қытайдың Alipay қызметімен тығыз ынтымақтастықты бастағанына қуанып қалдым. Бұл серіктестік трансшекаралық төлемдерді жеңілдету және цифрлық деңгейде біздің елдеріміздің өзара іс-қимылын кеңейту үшін жағдай жасай отырып, іскерлік және қаржылық транзакциялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл экономикалық байланыстарымызды нығайту жолындағы ұзақ жолдың басы ғана екеніне сенімдіміз»

Ханчжоудағы үшінші Дүниежүзілік цифрлық сауда көрме аясында еліміз құрметті қонақтардың қатарында болып, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үлкен делегацияны бастап келді. Бұл елдің цифрлық инновациялар мен экономикалық ынтымақтастық саласындағы байыпты ниетін көрсете алды. Өз кезегінде отандық компаниялар GDTE шарасында өз жетістіктерімен бөлісті. 

Қазақстандық делегация өкілдерімен сұхбат жүргізген Ғазиза Ұзақ «Қытай мүмкіндіктері деген ұғымды қалай түсінуге болады?» деген сұрақты қойған болатын. Бұл сұраққа Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі Электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейірбаева былай деп жауап береді: «Қытай десе, менің бірден жаңа мүмкіндіктер мен инновациялар туралы ойлаймын. Бұл жерде даму мен өсудің көп мүмкіндігінің бар екеніне күмәнім жоқ. Қытай озық технологияларды белсенді түрде инвестициялауда және бұл өзара өсуге жол ашады. Болашақта мен ынтымақтастығымыздың инновациялар бәсекелестік артықшылықты анықтайтын негізгі салаларға дейін кеңейетініне сенімдімін»

«Цифрлық сауда көрмесіндегі Қытай мүмкіндіктері» (数贸会里的’机遇中国) деректі фильмі Қазақстанның цифрлық саудадағы өсіп келе жатқан рөлін және оның Қытаймен серіктестігінің маңыздылығын көрсетті, Жаһандық цифрлық сауда көрмесіне қатысу ел үшін жаңа көкжиектерді қалай ашатынын көрсетеді. Қазақстандық делегаттар мен бизнес өкілдері Қытайды инновациялар мен дамудың көзі ретінде қарастыра отырып, ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалады. Көрме тек идеялар алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар екі елдің цифрлық болашаққа сенімді қадам басуына көмектесетін берік байланыстарды орнату алаңына айналды.