Қазақстандықтар Францияда өткен эстетикалық топтық гимнастикадан екі ірі халықаралық турнирде үздік өнер көрсетті
28-30 сәуір аралығында Францияның Мирамас қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде және эстетикалық топтық гимнастикадан халықаралық «AFCGE Cup Open I» турнирі барысында қазақстандық командалар түрлі деңгейдегі сегіз медальді, соның ішінде үш алтынды олжалады.
Әлем кубогының (ӘК) екінші кезеңі, сондай-ақ «Сеньорлар» (16 жастан жоғары) және «Юниорлар» (14-16 жас) жас санатындағы «AFCGE Cup open I» турнирі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген IFAGG халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының жаңа ережелері бойынша өтті. Биылғы маусымда алғаш рет ӘК өнер көрсеткен қазақстандық командалар жоғары нәтижелерді паш етті.
Осылайша, «Юниорлар» санатында жаттықтырушы Заира Жақыпованың жетекшілігімен өнер көрсеткен Алматылық Kerbez Elit командасы қола жүлдегер атанды: алғашқы екі орынды қазіргі уақытта спорттың осы түрі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылатын Финляндиялық командалар еншілеп кетті. Сонымен қатар, осы санаттағы ӘК Астанадан келген Samruk командасы (жаттықтырушы Әсел Тастанбекова) қатысты, ал «Сеньорлар» санаты бойынша еліміздің намысын Sunrise (тәлімгер-Жаннет Жабоева) және Freedom (Мадина Муталиева) атты Алматылық командалар қорғады.
Бұл командалар, Қазақстанның басқа да өкілдері сияқты, Мирамаста әлем кубогының екінші кезеңімен бір мерзімде өткен беделді «AFCGE Cup Open I», турнирінің жеңіс тұғырына көтерілді. Қазақстандық өнерпаздардың қоржынына алғашқы жүлдені «Сеньорлар» санатының жеңімпазы атанған Freedom командасы салып берді, бұл турнирдің күміс жүлдесін осы жас санатында Sunrise командасы жеңіп алды. Жасөспірімдер санатында ұзақ бағдарламада Samruk командасының елордалық спортшылары күміс медальды қанжығасына байласа, қысқа бағдарламада алтынды Астаналық Alan-Fortuna (жаттықтырушы — Аяулым Ақмұрзина) командасы олжалады.
«12-14 жастағы балалар» жас санатында Жаннет Жабоеваның жетекшілігіндегі алматылық Diamonds командасы күміс жүлдегер атанды, ал «10-12 жастағы балалар» жас санатында қазақстандық командалар жеңіс тұғырының жоғарғы екі қатарын да өздері еншіледі: Алевтина Климова жаттықтыратын Алматы Renaissance командасының қатысушылары чемпион атанды, ал Әсел Тастанбекованың жетекшілігіндегі елордалық Alan-Rio командасының спортшылары екінші орын мен күміс медальдарды жеңіп алды. Осылайша, «AFCGE Cup open I» бәйгесінде қазақстандық командалар турнирдің барлық разрядтары бойынша жеңімпаз атанды.
Қазақстан Эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Мадина Бектұрғанова:
«Қазақстан үшін қазіргі әлем кубогының қола жүлдесі, сөзсіз, нағыз серпіліс. Біздің бағалауымызша федерация спортшыларының көрсеткен өнері аса табысты және біздің спортшылар ағымдағы жылдың 24-26 қарашасы аралығында Алматыда өтетін эстетикалық топтық гимнастикадан үй чемпионатында өз жанкүйерлерін үздік өнерлерімен тағы да қуантады деп сенем»