Yandex Cloud өзінің Terraform модульдерін жалпыға қолжетімді етті

Yandex Cloud бұлтты платформасы Terraform инфрақұрылымды басқарудың опенсорс-құралына арнап өз модульдерін әзірледі. Бұл – DevOps-инженерлерінің жұмысын жеңілдететін бұлт сервистеріне арналған баптаулары бар дайын файлдар жиынтығы. Сондай-ақ, модульдер кодтың қайталануынан қашуға көмектеседі. Terraform Modules for Yandex Cloud модульдері GitHub-та қолжетімді.

DevOps-инженер Terraform-ды қолданған кезде модульдерді жиі жазады. Yandex Cloud-тың дайын кітапханасы оған уақытты ысырап етпеуге және бүкіл зейініңді инфрақұрылымды автоматтандыру міндеттеріне бағыттауға мүмкіндік береді.

Мысалы, Kubernetes кластерін құру керек болған кезде сервистік аккаунттарды, рөлдерді, қауіпсіздік топтар мен өзге ресурстарды бөлек сипаттаудың қажеті болмайды. Модульдік, сонымен қатар, кодты басқаруды жеңілдетуге көмектеседі.

Егер сізге 10 Kubernetes кластерін әр түрлі жобаларда құру керек болса, бір модульді ғана қолданып, оны 10 рет шақыру жеткілікті, яғни сізге жүздеген код тармағын жазудың қажеті жоқ.

Yandex Cloud бұлтты платформасы Terraform-ды 2018 жылдан бастап қолдап келе жатыр. Модульдер құралмен жұмыс істеу тиімділігін арттырады. Мұнда бұлтты платформа мамандарының басқарылатын сервистерін орналастырудың барлық тәжірибесі біріктірілген.

Енді модульдер Kubernetes, PostgreSQL, MySQL мен ALB, VPC және Security Group кластерлерін құруға мүмкіндік береді. Олардың GitHub-тағы саны артады. Terraform модульдері әлемдегі барлық ірі бұлт провайдерлерінде, соның ішінде AWS, Microsoft Azure және Google Cloud-та бар. Сондай-ақ, модульдерді пайдалануды Terraform әзірлеуші-компаниясы HashiCorp та ұсынады.