Қазақстанға жоғары деңгейдегі сапары қарсаңындағы Комиссар Войчеховскийдің баспасөз мәлімдемесі
Еуропалық Одақтың 40 агроазық-түлік кәсіпорындары мен ұйымдарынан тұратын делегацияның сүйемелдеуімен тұңғыш рет Қазақстанға Жоғары деңгейдегі сапарымды басқарып келуді зор қуанышпен күтемін.
Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде орналасқан бұл аймақ ғасырлар бойы сауда мен транзитті дамытып келеді.
Қазірдің өзінде де, Қазақстан Орталық Азия нарығына шығуға ұмтылатын ЕО азық-түлік және сусын өндірушілері үшін негізгі қақпа болып қала береді. Оған қоса, Қазақстанның өзі ЕО ауыл шаруашылығы экспортының маңызды бағыты болып табылады, мәселен, тек 2023 жылы бұл экспорт 702 миллион еуроны құрады. Қазақстан сонымен қатар сауда-экономикалық қатынастарды реттейтін ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (EPCA) қол қойған Орталық Азиядағы ЕО-ның алғашқы серіктесі. Бұл келісім ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік, шарап және спирттік ішімдіктерге арналған географиялық белгілерді (ГБ) қорғау хаттамасы бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздеріміздің негізін құрып отыр.
Қазақстандық тұтынушылар жаңа және әртүрлі аспаздық дәмдердің құндылығын түсініп, оларға қызығушылықтары артуда. Мен Еуропалық Одақ өнімдері сапасы, қауіпсіздігі, төлтумалығы және орнықтылығы арқылы қазақстандық тұтынушылардың жоғары үміттерін ақтайтынына сенімдімін.
Осы сапарда менімен бірге жүретін кәсіпорындар мен ұйымдар – ЕО-ның Қазақстан Республикасымен агроазық-түлік саудасын арттыру үшін орасан зор әлеуеті бар біздің көптеген ең танымал өнімдеріміздің шығарушылары. Сондықтан, менің саяси кездесулеріме қоса, агроазық-түлік саудасын нығайту және одан әрі ілгерілету және бұл салада жұмыс істейтін еуропалық және қазақстандық бизнес арасындағы байланыстарды жеңілдету арқылы осы өсу әлеуетін пайдалану – менің сапарымның маңызды мақсаты болмақ.
Бұл жоғары деңгейдегі сапар – біздің Қазақстанмен серіктестігіміз бен екіжақты ауылшаруашылық азық-түлік саудасын одан әрі нығайтуға ниеттілігіміздің дөп белгісі. Мен өз өнімдерімізді ілгерілету, іскерлік байланыстардың нағаюын және ауыл шаруашылығында тығыз байланыстарды орнатуға себепкер болуды асыға күтемін.