Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Қытайлық БАҚ-қа баспасөз брифингін өткізді

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде ҚР-дың ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтың Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өтті.

Іс-шараның барысында Елші қытайлық тілшілерді Қазақстандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар кешенін іске асыру барысымен егжей-тегжейлі таныстырды. Қазақстандық дипломат жоғары және аса жоғары деңгейдегі саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің министрліктері мен ведомстволары басшыларының деңгейіндегі байланыстардың жоғары динамикасын атап өтті.

Ш.Нұрышев өз сөзінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада өтетін «Орталық Азия – Қытай» форматының Саммитіне дайындық барысымен таныстырды. Елші «Бұл оқиға Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достықтың, тату көршіліктің және өзара сыйластықтың ғасырлар бойғы байланыстарын нығайту үшін ғана емес, сондай-ақ форматтың өзін одан әрі институционалдық дамыту үшін де ерекше маңызға ие», — деп атап өтті.

Сауда-экономикалық, көліктік және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елші Қытай Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктестерінің бестігіне тұрақты кіретінін, біздің еліміз Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі және «Бір белдеу, бір жол» бастамасының белсенді қатысушысы болып табытынын мәлімдеді.

Ш.Нұрышев сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың, оның ішінде Қазақстанның Қытайдағы және Қытайдың Қазақстандағы туризм жылдарының, екі елдің мәдени орталықтарының, «Лу Бань шеберханаларының» және ҚХР-дың Қазақстандағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарының өзара ашылуының маңыздылығын атап өтті.

Баспасөз брифингіне «Жэньминь Жибао», «Сһіnа Daily», «Global Times», «Beijing Daily» газеттерінің, «Beijing News» және «Синьхуа» ақпараттық агенттіктерінің, «Қытай», «World Affair Pictorical» журналдарының, «CGTN», «Феникс» телеарналарының, сондай-ақ «The Paper», «Сhina Online» және «Soho News» жаңалықтар интернет-порталдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі

Telegram-канал: Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Қытайлық БАҚ-қа баспасөз брифингін өткізді