ҚазҰҰ «Дені сау ұлт» бағдарламасы аясында іс-шаралар өткізуде
Тұрақты даму мақсаттары – 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған және 2030 жылға дейін жүзеге асыруға бағытталған 17 ауқымды мақсаттар жиынтығы. Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты «жақсы денсаулық және әл-ауқат». Бұл мақсат тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі дені сау және жақсы өмір сүретін қоғам – экономикалық және әлеуметтік дамуға негіз бола алады. Ұлттың денсаулығы мемлекеттің өркендеуі мен болашағының негізі, ал «Дені сау ұлт» қалыптастыру-еліміз үшін басты стратегиялық мақсаттардың бірі. Елдің әрбір азаматының денсаулығын нығайту және өмір сүру сапасын арттыру қоғамның барлық саласына оң әсерін тигізеді.
Ұлт денсаулығын сақтау мен нығайту тек медицина қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, ол-бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Білім беру, ақпараттандыру және дұрыс өмір салтын ұстануға жағдай жасау арқылы ғана дені сау қоғам құруға болады. Бұл бағытта ата-аналар, жұмыс орындары, үкіметтік емес ұйымдар және барлық азаматтар бірлесіп әрекет етуі қажет деп есептеймін. Осы жайтты ескере отыра,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетін ашқан болатын. Факультет бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура – білім берудің барлық деңгейдегі медициналық кадрларды дайындау бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай және соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жүзеге асуда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және оны жақсарту мақсатында жаңа бағдарламалар дайындау, оны жүзеге асыру және ары қарай дамытумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері, түрлі бағыттағы мамандар мен ұйымдарға қосымша кәсіби білім беру де қарастырылған.
Дені сау ұлт – мықты мемлекет пен жарқын болашақтың негізі. Әрбір азаматтың денсаулығы мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен дамуына үлес қосады. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау ұлт» бағдарламасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. «Дені сау ұлт» бағдарламасы тек бүгінгі емес, болашақ ұрпақтың да денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, болашаққа сенімді қадам жасауы тиіс. «Дені сау ұлт» бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, аурулардың алдын-алу және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруды көздейді.
Ибраева А.С.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті
мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық
және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д.
Аубакиров Е.,
заң факультетінің 1 курс магистранты