«Киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау» 2 өңірлік бастамасына арналған дөңгелек үстел өтті
Іс-шараға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ХЭО электр байланысын дамыту бюросының директоры Космас Лакисон Завазава, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, байланыс саласындағы өңірлік достастықтың (ӨБД) бас директоры Алексей Бородин, ХЭО мүше мемлекеттердің өкілдері, сондай-ақ «Касперский Зертханасының» өкілдері қатысты».
ҚР цифрландыру министрі Бағдат Мусин форум табысты кейстерді қалыптастыру, тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды талқылау және цифрлық экономиканы дамытудың бірлескен стратегияларын әзірлеу үшін жемісті және идеялық алаңдардың бірі болып табылатынын атап өтті.
«Біз еліміздің өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуы бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ол үшін бізде көптеген аймақтық жобалар бар. Осындай жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде елдеріміздің халқы үшін қолайлы және сапалы өмір сүру жағдай жасайтын тиімді және қолданбалы ұсыныстарды қолдауға әрқашан ашық және дайынбыз. Бірлесе отырып, сын-қатерлерді еңсеріп, елдеріміздің цифрлық технологияларының әлеуетін іске асыра аламыз», — деді Бағдат Мусин.
«Касперский Зертханасының» мемлекеттік құрылымдармен жұмыс жөніндегі менеджері Қайыржан Әбдірахманов дөңгелек үстелде спикерлердің бірі ретінде сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол Қазақстандағы цифрлық қауіпсіздікті нығайтудағы «Касперский Зертханасының» рөлін атап өтті.
Қазақстандағы «Касперский зертханасы» киберқауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. Біз ХЭО, ЮНИСЕФ және басқа да ірі халықаралық ұйымдармен бірлесіп Интернеттегі балаларды қорғау жөніндегі жұмыс тобына қатысамыз. Атап айтқанда, біз жақында ЮНИСЕФ және ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетімен коммуникациялық науқан бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум жасадық, соның аясында республиканың әртүрлі қалаларында ата-аналар мен мұғалімдерге балалардың киберқауіпсіздігін қалай нығайту керектігі туралы мастер -класстарын өткіземіз. Сондай-ақ, біз әлеуметтік қорғалмаған отбасыларға қолдау көрсетеміз, атап айтқанда жақында Павлодар облысының балаларды Интернетте қорғауға бағытталған Kaspersky Safe Kids бағдарламасының лицензиялары бөлінді.