#кiтапток: TikTok пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жаңа жобасы
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында қысқа бейнероликтер жасау мен қарауға арналған жетекші TikTok платформасы қазақстандықтарды кітап оқуға, оқыған кітаптар туралы ұсыныстарымен бөлісіп, жаңа әдеби шығармаларды табуға құлшындыратын #кiтапток жобасын іске қосып жатыр. Бұл бастама #BookTok жаһандық құбылысынан шабыт алады.
#Кiтапток Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Meloman/MARWIN кітап дүкендері желісінің қолдауымен өтеді. Сондай-ақ бұл бастаманы кітапханалар мен TikTok танымал креаторлары қолдайды.
#BookTok бүкіл әлемде кітапқұмарлардың басын қосатын нағыз мәдени құбылыс дейтін болсақ: TikTok-тың осы хэштегіндегі бейнебаяндар 123 миллиардтан астам қаралым жинап үлгерген. Бейнероликтерде әр елдің қолданушылары оқыған кітаптары туралы өзі ұсыныстарымен, әсерлерімен бөліседі. #BookTok қазірдің өзінде кітап индустриясына ықпал ете отырып, жазушылардың танымалдыққа қол жеткізуіне, ал кітаптардың – бестселлерлер қатарына қосылуына мүмкіндік береді. Ал адамдар да уақыт өткен сайын TikTok шолуларына негізделген кітаптарды таңдай бастаса, #книжныерекомендации хэштегіндегі бейнероликтер қазірдің өзінде 2 миллиардтан астам қаралым жинап отыр.
Сондықтан Қазақстандағы жаһандық кітап оқу үрдісін қолдау мақсатында TikTok ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірге өз платформасында #кiтапток науқанын бастайды.
Қазірдің өзінде әдеби жобаға Қазақстанның: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы @trend_kitapkhana, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасы @pavlodarlibrary мен Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасы @kalib.kz, сондай-ақ TikTok-тың танымал креаторлары: кітаптар туралы мазмұн авторы Аида @booklibra, отбасылық мазмұн авторлары Юлия мен Лия @pak_lafamilia, Вова @vovaklevo, танымдық бейнебаяндар авторлары: Митя @mbainazarov, Нұрқожа @derekkoz.kz, Анжелика @easyy_art, Диас @karievdiass, математика мұғалімі Данияр @aks.dani мен басқа да көптеген адамдар қатыса бастады.
Бастама аясында қазақстандықтар #кiтапток хэштегімен әдебиет тақырыбы мен кітап оқуға арналған бейнероликтер түсіріп, орналастыруға шақырылып отыр: кітап оқуға ұсыныстар, кітаптарға шолулар, қаптамадан шығару, сүйікті шығармалардан үзінділер, әдебиет пен оқуға байланысты қызықты оқиғалар, тіпті өз қолыңызбен кітап сөресін жасау немесе кітап қоюға арналған алаң құру.
Ең креативті үш бейнероликтің авторы осы бастаманың серіктесі – Меломан/MARWIN кітап дүкендері желісінің бағалы сыйлықтарына ие болады.
Жобаның басты бетінде пайдаланушылар өздерінің сүйікті әдебиетіне дауыс бере алады, яғни бұл – заманауи проза, классикалық әдебиет, махаббат туралы романдар, детективтер, қиял-ғажайып, поэзия, триллерлер/шытырман оқиғалы шығармалар, іскерлік әдебиет, ғылыми-көпшілік әдебиет, сондай-ақ қазақ әдебиеті. Ең танымал әдеби категориялар #кiтапток науқанының қосымша хэштегтеріне айналады, бұл пайдаланушылар үшін кітаптар туралы бейнероликтер іздеуді барынша ыңғайлы етіп, қолданушылар үшін өздерін қызықтыратын кітаптың мазмұнын жылдам табуға көмектеседі.
#кiтапток челленджінің жеңімпаздары 15 мамырда белгілі болады.