Marjan және Wynn Resorts Рас-әл-Хаймадағы Al Marjan аралында Janu Al Marjan Island курортының құрылысын бастады

Marjan және Wynn Resorts компаниялары Janu Al Marjan Island курортының құрылысын ресми түрде бастады. Бұл – серіктестердің Al Marjan аралындағы екінші бірлескен жобасы әрі эмираттағы Janu брендімен жүзеге асырылатын қонақүй және тұрғын үй кешендерінің ең көп күтілетін жобаларының бірі.
Janu Al Marjan Island курортының ашылуы 2029 жылға жоспарланған. Ол Рас-әл-Хаймадағы Janu брендінің алғашқы нысаны болып, Aman Group компаниясының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қатысу аясын кеңейтеді.
Жаңа жоба бүгінде өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан туристік және курорттық бағыттардың бірі саналатын Al Marjan аралының дамуындағы маңызды кезеңге айналады.
Жоба алғаш рет 2025 жылдың қараша айында таныстырылған болатын. Кешен БАӘ-дегі алғашқы ойын аймағы бар интеграцияланған курорт Wynn Al Marjan Island жанында бой көтереді.
Алғашқы іргетасты қалау рәсіміне Marjan, Wynn Resorts, Aman Group басшылығы мен жобаға қатысушы компаниялардың өкілдері қатысты. Салтанатты шара Janu Al Marjan Island құрылысының ресми басталуын білдірді.
Санскрит тілінен аударғанда «жан» деген мағынаны білдіретін Janu атауы брендтің философиясын – үйлесімділік, әрбір қонақтың әл-ауқатына қамқорлық және жарқын әсерлер сыйлау қағидаттарын бейнелейді. Курорт Рас-әл-Хаймадағы Janu брендінің алғашқы жобасы болады.
Кешеннің сәулеттік тұжырымдамасын әлемге әйгілі SCDA Architects бюросы әзірледі. Жоба құрамына сәнді қонақүй, Janu брендімен ұсынылатын жеке резиденциялар және Al Marjan аралы жағалауындағы заманауи wellness-инфрақұрылымы кіреді.
Marjan Group бас атқарушы директоры, сәулетші Абдулла Әл Абдули:
«Janu Al Marjan Island құрылысының басталуы – Al Marjan аралын әлемдік деңгейдегі курорт ретінде дамыту жөніндегі ұзақмерзімді стратегиямыздың маңызды кезеңі. Халықаралық жетекші қонақүй брендтері мен инвестициялық серіктестерді тарта отырып, біз Рас-әл-Хаймадағы туризм индустриясының дамуына ықпал ететін, эмираттың халықаралық тартымдылығын арттыратын және оның тұрақты өсіміне негіз қалайтын әртараптандырылған жобалар портфелін қалыптастырып жатырмыз. Janu бренді тұжырымдамасы Al Marjan аралының даму стратегиясымен толық үндесіп, оның әлемдегі жетекші курорттық бағыттар арасындағы орнын нығайтуға бағытталған», – деді.
Wynn Al Marjan Island президенті Макс Таппайнер:
«Janu Al Marjan Island аралдың тартымдылығын арттырып, Wynn Al Marjan Island тұжырымдамасын үйлесімді толықтырады. Брендтің бірегей философиясы қонақтарға қонақжайлықтың жаңа деңгейін ұсынады. Екі жобаның қатар орналасуы қонақтар мен резиденттердің өзара байланысын нығайтып, екі кешен үшін де қосымша артықшылық қалыптастырады», – деді.
Aman Group директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Влад Доронин:
«Janu Al Marjan Island құрылысының басталуы – Рас-әл-Хаймада Janu тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды белес. Таяу Шығыстағы ең тартымды бағыттардың бірі ретінде қарқынды дамып келе жатқан Рас-әл-Хайма брендтің рухы мен амбицияларына толық сәйкес келеді. Janu Al Marjan Island адамдардың бас қосатын, жаңа әсер алатын және өңірдің қайталанбас табиғаты аясында Janu өмір салтының заманауи философиясымен танысатын ерекше кеңістікке айналады», – деді.
Janu Al Marjan Island: негізгі деректер
- Сәнді қонақүй және Janu брендімен ұсынылатын жеке резиденциялар;
- Сәулеттік тұжырымдаманы SCDA Architects әзірлеген;
- Al Marjan аралында орналасқан;
- Ашылуы 2029 жылға жоспарланған.


