NIS мұғалімдері республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS мұғалімдері Шолпан Әбішева мен Айжан Омарханова Pro.NRG 2023 жаһандық фестивалінің «Science on Stage Kazakhstan» Ұлттық іріктеу турнирінің жеңімпаздары атанды. «Science on Stage» өз алаңында әртүрлі елдерден мыңдаған педагогтар мен ғалымдарды жинайтын дәстүрлі Халықаралық ғылыми форум болып танылады. Биыл беделді фестиваль «STEM-білім берудің тұрақты дамуы» тақырыбында өтуде.
Байқауда Еуропаның жаратылыс саласындағы тәжірибелі профессорларынан құралған халықаралық қазылар алқасы төрелік етіп еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 50 үздік қазақстандық жобаны қарады. Эсперттер STEM-оқытуды тәжірибесінде тиімді пайдаланып, жобаларында ұтымды көрсеткен жеті мұғалімді жеңімпаз атады. Үздік ұстаздар келесі жылдың жазында Финляндияда өтетін 13-ші Еуропалық «Science on Stage -2024» фестивалінде республиканың абыройын қорғайтын болады.