ÖMIR FEST фестивалінде этикалық мәселелер талқыланады
демалыс күндері Алматыда алғаш рет вегандық, жануарларды қорғау, экологиялық тазалық пен мәдениетті біріктіретін іс-шара – ÖMIR FEST өтеді. ÖMIR FEST – көпұлтты үлкен еліміздің әдеби және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, ғаламшар мен жануарларды қорғауға арналған коммерциялық емес, қайырымдылық әлеуметтік және білім беру фестивалі. Фестивальге кіру тегін болады, сондықтан әрбір адам этикалық және экологиялық түрде уақытын тиімді өткізе алады.
«Қазақстандағы жануарларды қорғау қозғалысы жас, алайда тез дамуда. Біз өз жобамызда заманауи, сонымен бірге мейірімді және жарқын бастамаларды біріктірдік, бұл толықтай этикалық фестиваль және біз қонақтарды экологиялық саналы болуға шақырамыз. Біз барлығын көруге қуанышты боламыз, өз тәжірибемізбен бөлісіп, маңызды нәрселер туралы сөйлесеміз және әрине, қонақтарымызды гастрономиялық сезімдермен қуантып, таң қалдырамыз» — Юлия Коваленко, «KARE-қамқорлық» (жануарларды қорғау белсендігі) президенті.
Іс-шараның ерекшеліктері:
- Барлық жастағы адамдарға арналған шеберлік сабақтары. ÖMIR FEST жай ғана шеберлік сабақтарын ғана емес, шынайы саяхатты да ұсынады. Балалар таңғажайып қолөнер бұйымдарын жасауды үйренеді, ал ересектер шығармашылықтың жаңа қырларын ашады. Біз әркім өзіне қызықты және шабыттандыратын нәрсе табатынына сенімдіміз.
- Көкжиектерді ашатын дәрістер. Іс-шара бағдарламасына- этика және мәдениет саласындағы жетекші сарапшылардың дәрістері кіреді. Мұнда әркім өз білімін кеңейтіп, жақсы қоғам құруға қалай үлес қосу керектігін біле алады.
- Эко-жәрмеңке. ÖMIR FEST біздің ғаламшарымыздың тұрақтылығы мен қамқорлығын қолдайды. Эко-жәрмеңке табиғатқа құрметпен жасалған түрлі бұйымдарды ұсынады. Бұл экологиялық таза идеяларды қолдауға және бірегей өнімдерді сатып алуға тамаша мүмкіндік.
- Вегандық гастрономия. Вегандық асхана тәжірибесі – тек тамақ емес, бұл гастрономияның шынайы өнері. Келушілер жануарлар мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықпен жасалған тағамдардан тегін дәм тата алады. Келушілер сондай-ақ вегандық суши мен гамбургерлерден глютенсіз десерттерге дейін өзгеше, алуан түрлі және этикалық тағамдарды сатып алып, жей алады. Жануарлардан алынатын ингредиенттерсіз еттің, сүттің, ірімшіктің, десерттің, нан өнімдерінің дәмін тата аласыз!
Жұлдызды қонақтар:
Линда Нигматуллина: іс-шара жүргізушісі, әнші, актриса, продюсер және жануарлар белсендісі.
Питер Сингер: шараның арнайы қонағы, австралиялық философ, публицист, қоғам қайраткері, Принстон және Мельбурн университеттерінің биоэтика профессоры, Сингер мырза гуманизм және этикалық өмір салты туралы онлайн дәріс оқиды.
Фестивальдің ашылуында Президенттің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Сүлейменова Зульфия Булатқызы онлайн-режимде құттықтау сөз сөйлейді.
Өтетін күні мен орны:
Күні: 25–26 қараша, 2023 жыл
Басталуы 12:00де
Өтетін орны: Forum сауда-ойын-сауық орталығындағы Event Space (Сейфуллин даңғылы, 617, 5-ші қабат)