Air Astana әуекомпаниясының қысқы маусымына дайындығы

Air Astana әуе компаниясы 2023-2024 жж. қысқы маусымына дайындығы тақырыбында баспасөз брифингін өткізіп, астаналық мұздануға қарсы машиналар паркін көрсетті.

Метеорологиялық жағдайлар әуетасымалдаушылар рейстерінің кешігуі мен тоқтатылуының негізгі үш себепке кіреді. Ауа-райының қолайсыздығы рейстердің уақтылы орындалуына, әсіресе қыста, кері әсер етіп, әуе компаниялардың жұмысын қиындатады.

Air Astana компаниялар тобының 2023 жылдың 10 айындағы рейстерінің уақтылығының орташа көрсеткіші 80%, алайда бұл көрсеткіш өткен қыста 10%-дан астам төмендеген. Көрсеткіштің маусымдық төмендеуі салалық орташа деңгейге сәйкес келсе де, компаниялар тобы рейстердің уақтылы орындалу көрсеткішін жақсарту мақсатында жұмысын жалғастыруда.

Биыл күзде әуекомпаниясы екі заманауи мұздануға қарсы машинаны сатып алды және 2025 жылдың соңына дейін тағы төртеуін сатып алуды жоспарлап отыр. Астана әуежайының аумағында Air Astana мұздануға қарсы сұйықтықты сақтауға арналған жеке қойма салуда. Осы және басқа шаралар ауа-райының қысқы кезеңдегі рейстердің уақтылы орындалуына әсерін азайтуға бағытталған.

«Мұздануға қарсы өңдеу күзгі-қысқы кезеңде әуе кемелерінің ұшу алдындағы дайындығында басым рөл атқарады. Бұл ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Біз қауіпсіздікпен компромис жасамай уақытылы ұшу үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін азайтуға тырысамыз. Ұшу қауіпсіздігі біздің тұрақты басымдығымыз болып қала береді», — дейді Air Astana техникалық қамтамасыз ету жөніндегі аға менеджері Аслан Әбілпейісов.

Air Astana ҚР заңнамасына сәйкес әуетасымалдаушының кінәсінен рейс кешіккен немесе орындалмаған жағдайда жолаушыларға 2 сағаттан кейін жеңіл тағамдар мен сусындар, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ беріледі; трансфер және қонақүйге орналастыру — 6 сағаттан кейін (түнгі уақытта) және 8 сағаттан кейін (күндізгі уақытта); тегін қайта брондау, сондай-ақ билет құнын толық қайтару (5 сағаттық кешігуден кейін) туралы ескертеді. Рейстер кешіккен жағдайда әуе компанияның жедел желісі +7 7272 44 4478