Параволейбол ойыны журналистер мен паралимпиадашыларды біріктірді
Алматы қаласында Параспорт комитетінің ұйымдастырыумен жерде отырып ойнайтын волейболдан турнир өтті. Инклюзивті жарысқа оңтүстік астананың журналистері мен Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясы бар спортшылар да қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылған спорттық жарыс пара спортшылармен жақын танысып, ойын алаңында нағыз бәсекелестіктің толқуы мен эмоцияларын сезінуге мүмкіндік берді.
Ел намысын әлемдік додада қорғайтын паралимпиадалық спортшылармен бірге жарысқа түсіп, журналисттер мен Citibank Kazakhstan қызметкерлерінің арасында командалар құрылып, жеңіс үшін күресті. Турнир қатысушылары отырып ойнайтын волейбол жарыстарының қандай екенін өз көздерімен көріп, қалай өтетінің өздері сезініп, паралимпиадашылардың еңбегі мен шеберлігін бағалауды үйренді.
Турнирге Citibank Kazakhstan қолдау көрсетіп, бағалы тартулар мен ақшалай сыйақыды ұтып алуға мүмкіндік берді. Турнирдің жүлде қоры 500 000 теңгені құрады, бұл қатысушыларға өздерінің барлық күш-жігерін көрсетуге қосымша ынталандыру болды.
Бұл шараға келген барша жандар жарыс атмосферасын сезінуге және Париж-2024 Паралимпиада ойындарына дайындалып жатқан спортшыларымызға қолдау көрсетуге жол ашты.
Отыратын волейболдан инклюзивті турнир тек спорттық шара ғана емес, ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және шабыттану алаңына айналды. Ол инклюзияның маңыздылығын және олардың физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан адамдарды біріктіретін спорттың күшін еске салды.
Отырып ойнау волейболынан ҚР құрама командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов:
«Біздің жігіттер Олимпиадаға сақадай сай дайын отыр десем, артық айтқаным емес. Себебі, мен жігіттерге сенемін! Олардың рухы мықты, дайындығы жақсы, көңіл-күйі жоғары деңгейде. Олар тағдыр сынағына төтеп беріп қана қоймай, өз орнын таба білген жандар. Жігіттердің өзара достығна қызыға қарауға болады, алаңда да, күнделікті өмірде де қарым-қатынасы жақсы, бір-бірін жақсы сезеді әрі түсінеді. Үздік спорт командалардың қатарынан табылып, лицензияға қол жеткізгеніміздің барлығы жігіттердің күш-жігерінің арқасында деп айта аламын»